«Астрахан Маңғышлақ» су тартқышы арқылы Атырау және Маңғыстау облыстарына су жеткізуді ұлғайту мақсатындағы ССС-5 жобасы аяқталуға жақын. Аталған жоба бас ССС су көлемін тәулігінде 94 000 шаршы метрден 110 000 шаршы метрге ұлғайтуға мүмкіндік береді.
ССС-5 қайта жөндеу су көлемін ұлғайтуды арттырмуен қатар, одан әрі аймақтардағы коммуналдық жүйелер арқылы тұтынушыларға су жеткізуді қамтамасыз етеді.
«Астрахан – Маңғышлақ» су тартқышы 1988 жылы пайдалануға берілген. Бүгінгі таңда су сорғы стансасының тәулігіне нақты қуаты 94 мың. шаршы метрді құрайды.
1990 жылдары ССС-5 су пайдалану азайғанына байланысты, оның қажеттілігі болмады. Алайда, Атырау мен Маңғыстау облыстарындағы экономикалық даму мен халық санының артуы ССС-5 қажеттілігін туғызып, оның мүмкіндігіне ерекше ден қойылды. Соңғы уақытта Атырау мен Маңғыстау облыстарындағы Жаңаөзен, Құлсары қалалары мен Майқұмген, Аққыстау, Исатай ауылдары және басқа елді-мекендерге судың қосымша қажеттілігі туындады.
Жалпы волгалық суды тұтынушылар 183 нысан болып табылады, олар; Маңғыстау және Атырау облысындағы мұнай компаниялары, өндірістік кәсіпорындар, қалалар, елді-мекендер, ауылшаруашылығы тауар өндірушілері, коммуналдық кәсіпорындар.
ССС-5 қайта жөндеу барысында заманауи машина залы қарастырылған сорғы стансасын, жалпы көлемі 40 мың шаршы метр су сақтауға қауқары жететін 4 су қоймасын, өрт сөндіруге арналған сорабы бар су қоймасын, қазандық, жиі реттеуге арналған жетегі бар, қажетті қондырғылары мен әкімшілік-тұрмыстық ғимараттардың құрылыстары қарастырылған.
Волга суын айдауда, қабылдауда ССС-5 жұмысының тиімділігі барлық кезеңде бақыланатын болады.
Айдалатын судың мерзімдік сынамасы және сараптамасы ССС аумағында орналасқан зертханада жүргізілетін болады.
«ҚазТрансОйл» АҚ
жұртшылықпен байланыс
және ішкі коммуникациялар қызметі