KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

Астанада мұнай ағымын реттейтін Диспетчерлік басқарма орталықтандырылды

 04.07.2018    546
Қазақстанның мұнай ағыны тікелей елордадан басқарылатын болады. Бүгін «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқармасының Төрағасы Ахметжан Есімов «ҚазТрансОйл» АҚ-тың жаңа Бас диспетчерлік басқармасын іске қосты. Сондай-ақ, БДБ сандық техонолгиялар арқылы «Самұрық-Қазына» АҚ басшысы Қазақстан-Қытай мұнай құбырлары жүйесінің даму жобасының екінші кезеңі аясында қайта жөндеуден өткен Ақтөбе облысындағы «Кеңқияқ» (БМАС) бас мұнай айдау станциясын іске қосты. ҚР аймақтарындағы диспетчерлік қызметтерді БДБ-ға ауыстыру арқылы «ҚазТрансОйл» АҚ мұнай құбырларымен мұнай тасымалдау бойынша диспетчерлік басқаруды орталықтандыру жобасы 2018 жылы аяқталды. Енді «ҚазТрансОйл» компаниясы Астанадан тікелей Қазақстанның 11 аймағындағы мұнай ағымын басқара алады. «ҚазТрансОйл» АҚ БДБ-дан компанияның барлық мұнай құбыр учаскелерінде мұнайды қабылдау, тапсыру, Ақтау портында және теміржол эстакадаларында мұнайды құю жұмысын онлайн режимде бақылап отыра алады. Бұған дейінгі «ҚазТрансОйл» АҚ диспетчерлік басқару құрылымы төрт деңгейлі болатын: жергілікті диспетчерлік бекеттер (ЖДБ), аудандық диспетчерлік бекеттер, орталықтандырылған диспетчерлік бекеттер және Астанадағы Бас диспетчерлік басқарма. Қазіргі таңда жаңа құрылымда екі деңгей көрсетілген - ЖДБ және БДБ. Бұдан кейін «Кеңқияқ» БМАС-қа тікелей қосылу арқылы «ҚазТрансОйл» АҚ Ақтөбе мұнай құбыры басқармасының бастығы Әліби Құлтумиев А. Есімовке қайта жөндеуден кейін «Кеңқияқ» БМАС жұмысқа дайын екендігін айтты, «Самұрық-Қазына» АҚ басшысы БМАС-ты қосуға рұқсат берді. – «Кеңқияқ» БМАС-ты қайта жөндеу және Кеңқияқ-Атырау мұнай құбыры реверсі жобасын толық көлемде іске қосу арқылы біз қазақстандық мұнайдың ҚХР-ге экспортын арттырамыз және батысқазақстандық мұнайдың отандық МӨЗ-ге тасымалдануын қамтамасыз етеміз. Бұл еліміздегі МӨЗ қайта жаңғырту жұмысынан кейінгі отандық шикізаттың есебінен мұнай тұтынуды арттыру болжамын қанағаттандырады,- деді «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Димаш Досанов. Қайта жөндеу жобасы – бұл отандық мұнайдың ішкі және экспорттық жеткізілуін ұлғайтуда маңызды қадам, еліміздің өнеркәсіптік өрлеуіне және оның транзитті-экспорттық әлеуетінің дамуына қосып жатқан елеулі үлесі. Анықтама: «ҚазТрансОйл» АҚ – Қазақстан Республикасындағы магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық оператор, ұзақтығы 5 377 шақырым әртараптандырылғын магистральдық мұнай құбыры желісі мен 1 975 шақырым болатын сутартқыш желісін иеленеді. «ҚазТрансОйл» АҚ компаниялар тобының өндірістік нысандары Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан. Қазақстан-Қытай магистральдық мұнай құбыры жүйесінің құрылысы «ҚазТрансОйл» АҚ ең ірі инвестициялық жобаларының бірі болып табылады. Оны жүзеге асыру 2000 жылдары Тәуелсіз Қазақстанның көпғасырлық көмірсутекті тасымалдауды құру саясатының аясында іске асырыла бастады. Оның ауқымы мен стратегиялық маңыздылығына сәйкес жоба кезең-кезеңімен жүзеге асырыла бастады. Бірінші кезең бойынша 2006 жылы ұзындығы 960 шақырымнан асатын «Атасу -Алашанькау» мұнай құбыры салынып, пайдалануға берілді. («Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС). 2009 жылы «Кеңқияқ-Құмкөл» мұнай құбыры («Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС). Қазақстан-Қытай мұнай құбыры жүйесінің құрылысы екінші кезеңінің екінші кезегі жобасы мұнай өндірісін 20 млн тоннаға дейін арттыруға септеседі және мұнайды экспортқа жөнелтуге әрі әртараптандыруға бағытталған, сондай-ақ бұл жоба Қазақстан Республикасындағы мұнай өңдеу зауыттарын отандық шикізатпен қамтамасамыз етуге мүмкіндік береді. Осы жобаның аясында 2016 жылғы желтоқсан айында Шманов атындағы МАС (Атырау облысы), 2018 жылғы 4 шілдеде «Кеңқияқ» БМАС қайта жөндеуден өтті. «Кеңқияқ» БМАС қайта жөндеу барысында сиымдылығы 40 000т/м3 болатын сұйыққойма паркі қалпына келтірілді, жылына 20 млн тонна мұнайды айдауға мүмкіндік беретін екі магистральдық сорғы агрегаты бар қондырғы орнатылған магистральдық сорғы станциясы, қосымша (үшінші) насос агрегаты орнатылған тірек насосы іске қосылды, жиілікті қамтамасыз ететін және электрқозғаушыны бірқалыпты жүргізуге жәрдем беретін кешенді қондырғы орнатылды, өрт сөндіру станциясы қауіпсіздік жүйесі, найзағайдан сақтайтын қорған және БМАС жұмысының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өзге де нысандар іске қосылды. 2018 жылы «МұнайТас» СБҚК АҚ «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбырының реверс жобасын іске асыруды жоспарлап отыр. «ҚазТрансОйл» АҚ жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар қызметі
Реакция:
Серiктестер