KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ 2018 жылдың бірінші жартыжылдықтағы өндірістік нәтижелері туралы хабарлайды

 24.07.2018    929
«ҚазТрансОйл» АҚ жеке-дара мұнай тасымалдау көлемі 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында 22 млн. 427 мың. тоннаны құрады, бұл 2017 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 1,3% кем. Шоғырландырылған мұнай тасымалы және мұнай өнімдерінің көлемі 27 млн. 992 мың. тоннаны құрады. Бұл 2017 жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 3% кем. «ҚазТрансОйл» АҚ бөлек мұнай тауар айналымы 18 млрд. 816 млн. тонно-километрді құрады, бұл 2017 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 0,8% кем. Шоғырландырылған мұнай тауар айналымы 22 млрд. 843 млн. тонно-километрді құрады, бұл 2017 жылдың бірінші жарты жылдығымен салыстырғанда салыстырғанда 1% кем. Волгалық суды тұтынушылар Қазақстанның Атырау мен Маңғыстау облыстарына Астарахан – Маңғышлақ су тартқышы арқылы су беру көлемі өткен есепті мерзімде 13 млн. 806 мың текше метр құрады, бұл өткен жылғы осындай мерзімдегі көрсеткішпен салыстырғанда 8,7% пайызға артық. «ҚазТрансОйл» АҚ жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар департаменті
Реакция:
Серiктестер