KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ«Тұймазы – Омбы – Новосібір-2» мұнай құбырында заманауи телемеханика жүйесін іске қосты

 26.10.2018    542
«ҚазТрансОйл» АҚ Павлодар мұнай құбыры «Петерфельд» желілік өндірістік-диспетчерлік стансасында желілік телемеханика жүйесі іске қосылды. Бұл «Тұймазы-Омбы-Новосібір-2» магистарльды мұнай құбырындағы желілік қондырғыны операторлық стансадан қашықтықтан басқаруға мүмкіндік береді. Желілік телемеханика жүйесі оқиғаларды мұрағаттайды және сақтайды, технологиялық параметрлердің мағынасын, қысымды және мұнайдың температурасын жедел түрде бақылайды, апатты жағдайлардың хабарлама журналын жүргізеді, жұмыс барысында операторлардың әрекеттері туралы хабарламаны сақтайды. Телемеханиканы байланыспен қамтамасыз ету мақсатында бақылау және басқару бекеттерінің блок-бокстарында талшықты-оптикалық байланыс жүйесі және белсенді желілік қондырғы орнатылған. «Тұймазы-Омбы-Новосібір-2» магистральды мұнай құбырының қазақстандық учаскесі 186,249 км құрайды. Бекітілген қуаты 11 жылына/млн тонна, жобалық өткізу қабілеті – 18 жылына/млн тонна. Анықтама: «ҚазТрансОйл» АҚ – Қазақстан Республикасындағы магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық оператор, ұзындығы 5 377 шақырым әртараптандырылғын магистральдық мұнай құбыры желісі мен 1 975 шақырым болатын су таратқыш желісін иеленеді. «ҚазТрансОйл» АҚ компаниялар тобының өндірістік нысандары Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан. «ҚазТрансОйл» АҚ жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар департаменті
Реакция:
Серiктестер