«ҚазТрансОйл» АҚ «Павлодар-Шымкент» магистральды мұнай құбырының Шаян өзені арқылы су асты өтпе жолының салынған учаскесін іске қосу бойынша жұмыстарды жүзеге асырды. Іске қосылған учаскенің ұзындығы 442 м, диаметрі 820 мм, қызметтік қысымы – 5,2 МПа.
Су асты өтпе жолын ауыстыру жүргізілген құбыр ішілік диагностика қорытындылары бойынша орындалды. «Павлодар-Шымкент» магистральды мұнай құбырының аталмыш бөлігінде көптеген ақаулар анықталды, Шаян өзені толқынының үлкен жылдамдығына байланысты жыл сайын су шайып кету және ішінара жалаңаштану орын алған.
Су асты өтпе жолының жаңа учаскесі мұнай құбырын қауіпсіз пайдалану мен экологиялық апаттардың пайда болу тәуекелін шектейді.
«Павлодар-Шымкент» магистральды мұнай құбыры Павлодар, Қарағанды, Түркістан облыстарының аумағымен өтеді. Ұзындығы – 1652 шақырым.
Анықтама:
«ҚазТрансОйл» АҚ – Қазақстан Республикасының магистральды мұнай құбыры бойынша ұлттық оператор. Ұзындығы 5,4 мың шақырымды құрайтын әртараптандырылған магистральды мұнай құбырлары жүйесіне ие. «ҚазТрансОйл» АҚ-тың өндірістік нысандары Қазақстанның Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан.
«ҚазТрансОйл» АҚ жұртшылықпен байланыс және
ішкі коммуникациялар департаменті