Алматыда Қазақстан биржа форумының қаржы қызметкерлерінің VIIІ Конгресі аясында «ҚазТрансОйл» АҚ «Қор нарығын дамытуға үлес қосқаны үшін» номинациясы бойынша арнайы марапатқа ие болды.
Марапаттау рәсімі барысында «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының орынбасары Шара Таңатароваға байқау ұйымдастырушылары компанияның қаржы нарығын дамытуға қосқан үлесін ерекше атап өтіп, осы бағыттағы белсенді жұмысына жоғары баға берді.
Бұдан бөлек, «ҚазТрансОйл» АҚ инвесторлармен байланыс қызметінің жетекшісі Алмаз Масалин арнайы дипломмен марапатталды.
Анықтама:
«ҚазТрансОйл» АҚ «Халықтық IPO» бағдарламасының бастамашысы, оның нәтижесі бойынша, 2012 жылдың қараша-желтоқсан айларында 33 989 Қазақстан Республикасының азаматы және 10 жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлер атанды. 2013-2018 жылдар аралығында акционерлер еншісіне құны 289,5 млрд теңге дивидент төленді. Бұл ретте, аталған қаржының 10 пайызы миноритарлық акционерлердің пайдасына төленді. Бұған қоса, акционерлер болып есептелетін Қазақстан Республикасының азаматтарына, Біріңғай жинақтаушы қоры арқылы барлық қазақстандықтардың пайдасына төленді.
«ҚазТрансОйл» АҚ – Қазақстан Республикасындағы магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық оператор, ұзақтығы 5,4 мың шақырым болатын әртараптандырылғын магистральдық мұнай құбыры желісін иеленеді. «ҚазТрансОйл» АҚ компаниялар тобының өндірістік нысандары Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан.
«ҚазТрансОйл» АҚ
жұртшылықпен байланыс
және ішкі коммуникациялар департаменті