13 желтоқсанда «ҚазТрансОйл» АҚ Мәскеу қаласындағы өкілдігі Ресей Федерациясының Федералдық салық қызметінде аккредитациясын алды. Осыған орай аккредитацияланған өкілдіктердің, шетелдік заңды тұлғалар өкілдіктерінің мемлекететтік реестрінде тиісті жазба енгізілді.
Естеріңізге сала кетейік, 2018-ші жылдың қыркүйегінде «ҚазТрансОйл» АҚ директорлар Кеңесі компанияның Мәскеудегі өкілдігін ашу туралы шешім қабылдаған еді. Бұл шешім «ҚазТрансОйл» АҚ-тың «Транснефть» ЖАҚ пен Қазақстан, Ресей және Өзбекстан арасындағы қазақстандық мұнайдың экспортталуы жән ресейлік мұнайдың Қазақстан Республикасы аумағында тасымалдануына қатысты келісімшарт негізіндегі міндеттерді тиімді атқару мақсатында қабылданды.
Бүгінде «ҚазТрансОйл» АҚ-тың Ресей Федерациясындағы өкілдік қызметін үш өкілдік қамтамасыз етіп жатыр. Олар Мәскеуде, Самарада және Омбыда орналасқан.
Анықтама:
«ҚазТрансОйл» АҚ – Қазақстан Республикасындағы магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық оператор, ұзақтығы 5 377 шақырым әртараптандырылғын магистральдық мұнай құбыры желісі мен 1 975 шақырым болатын су таратқыш желісін иеленеді. «ҚазТрансОйл» АҚ компаниялар тобының өндірістік нысандары Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан.
Жұртшылықпен байланыс
және ішкі коммуникациялар департаменті