Американдық Trammo және Wondernet Express копорациясы Батуми портында минералды тыңайтқыштар терминалын салу үшін және оны ары қарай жөнелту үшін 20 млн АҚШ долларын инвестициялады. Бұл туралы келісімді американдық Trammo және Wondernet Express копорациясының президенті Эдвард Вайнер мен Wondernet Exspress Investment Group құрылтайшысы Дмитрий Абдушелишвили қол қойды. Өзара келісім Батуми портында минералды тыңайтқыштарды сақтап оны одан әрі жөнелту мақсатында транзитті терминал, қойма ғимараттарын салуды қарастырады.
Қойма нысандары бір уақытта 60 мың тонна минералды тыңайтқыштарды сақтауға арналған. Ал, транзитті терминалдың конструкциясы барлық ауа райына қолайлы етіп жасалған. Алғашқы кезеңінде транзитті терминалдың өндірістік қуаты жылына 1,2 млн тонна минералды тыңайтқышты сақтап жөнелтуге жетеді.
Жобаны жасауға Еуропаның жетекші жоба институттары мен қондырғы жеткізуші, жүктерді орналастырушы және кемеге жеткізуші ең ірі компаниялар қатысуда.
Терминал озық технологиялық қондырғылармен жабдықталып, шаңды тазалауға арналған жаңа жүйемен жұмыс істейтін болады. Бұл қоршаған ортаға зиянын тигізуге тосқауыл болады.
Жоба Орталық Азиядан Қара теңізге жеткізуге ең қысқа әрі ыңғайлы дәліз болуға негізделген және ШҚҰ «Батумский морской порт», Грузия үкіметі мен темір жолы қолдауымен жүзеге асырылуда. Терминал аймақтық болып, Грузияның экономикасын көтеруге септеседі.
Анықтама:
«ҚазТрансОйл» АҚ – Қазақстан Республикасындағы магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық оператор. «ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК топтар компаниясына кіреді. Ұзындығы 5 377 шақырым әртараптандырылғын магистральдық мұнай құбыры желісін иеленеді. «ҚазТрансОйл» АҚ компаниялар тобының өндірістік нысандары Шымкентте, Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан.
«ҚазТрансОйл» АҚ 100 % пайыз ШҚҰ «Батумский Нефтяной Терминал» қатысуы бар және 100 % ШҚҰ «Батумский Нефтяной Терминал» басқару құқығы бар.
«ҚазТрансОйл» АҚ жұртшылықпен байланыс
және ішкі коммуникациялар департаменті