Соңғы бес жылда «ҚазТрансОйл» АҚ құбырларын заңсыз кесіп, қосылу оқиғасы 12 ретке азайды. Бұл құқық қорғаушылар тарапынан бақылау күшейтілуімен қатар, мұнай өнімдері мен мұнайды заңсыз өндіру мен сату оқиғаларына дер кезінде тосқауыл қоюмен байланысты болып отыр. Егер 2014 жылы мұнай мен мұнай өнімдерін ұрлау - 12 фактісі анықталса, 2015 жылы - 14 факті, 2016 жылы – 3, 2017 жылы- 6 оқиға, 2018 жылы 1 - оқиға тіркелді.
Қаңтар айында «Павлордар-Шымкент» мұнай құбырындағы мұнай ұрлау фактісі бойынша аты-шулы оқиғаға нүкте қойылды. Тергеу жұмыстары 1 жылдан аса жүрігізілді. Оның қортындысы бойынша Шымкент қаласы, Абай аудандық сотының шешімімен ұйымдасқан қылмыстық топтың 7 мүшесіне үкім шықты. ҰҚТ мүшелерінің мүлкі тәркіленіп, 5 және 7 жылдан бас бостандығынан айрылды. 3 алып – сатарға 1,5 жылдан шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.
2018 жылы «Қаламқас-Қаражанбас-Ақтау» магистральды құбырын заңсыз кесу бір оқиғасы іркелді. Аталған факті бойынша Маңғыстау облысы, Мұнайлы АІІБ –де Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188 б. 4б. 2 т бойынша қылмыстық іс қозғалды. (мұнай құбырынан жасалған ұрлық), тергеу амалдары жүргізілуде.
Анықтама:
«ҚазТрансОйл» АҚ – Қазақстан Республикасындағы магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық оператор. «ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК топтар компаниясына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың шақырым әртараптандырылғын магистральдық мұнай құбыры желісін иеленеді. «ҚазТрансОйл» АҚ компаниялар тобының өндірістік нысандары Шымкент қаласында, Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан.
«ҚазТрансОйл» АҚ
жұртшылықпен байланыс және
ішкі коммуникациялар департаменті