KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ жергілікті өнімді сатып алу үлесі 124 млрд. теңгеден асты

 05.02.2019    274
2018 жылы компанияда сатып алу үлесінде жергілікті мазмұн еншілес және бірлескен бақылаудағы ұйымдарды қоса есептегенде 73 пайызға дейін өсіп, барлығы 124 млрд. теңгеден асты. – «ҚазТрансОйл» АҚ отандық тауар өндірушілер мен қызмет көрсетуші компанияларды жан-жақты қолдайды. 2018 жылы біз 17 отандық тауар өндіруші компаниямен 37 ұзақ мерзімді келісім-шартқа қол қойдық. Алдағы уақытта келісімге келген компаниялармен 5 жыл бойы жұмыс істейтін боламыз. Бұл әрине өндірістік, кадрлық ресурстары бар, өнімінің сапасы жақсы, көрсетілетін қызметі жоғары, әрі біздің компанияның талабына сәйкес келетін отандық компаниялар− деп атап өтті «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының орынбасары Шыңғыс Сейсекенов. Компанияда соңғы жылдары отандық тауар өндіруші кәсіпорындарды қолдау бойынша оңтайлы динамика байқалады. Егер 2016-2017 жылдары компанияда сатып алу үлесінде жергілікті мазмұн еншілес және бірлескен бақылаудағы ұйымдарды қоса алғанда 70% құраса, 2018 жылы бұл көрсеткіш 73% артты. 2018 жылдың қортындысы бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ отандық компаниялар өндіретін өнімді жеткізуге 29 млрд теңгеге келісім шарт жасаса, жергілікті компаниялардың қызмет көрсетуіне 94 млрд. теңгеден астам қаржыға келісім жасаған. Жалпы алғанда өткен жылы компанияда қазақстандық компаниялардан сатып алу құны 124 млрд. теңгеден асты. «ҚазТрансОйл» АҚ соңғы 5 жылда арнайы техникалар мен отандық өнімді жеткізу бойынша «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ, «Рауан-налко» ЖШС, «Досмұнайхим» ЖШС, «HILL Corporation» ЖШС, «Семипалатинский завод масел» ЖШС, «Павлодарский завод «Темірмаш» ЖШС, «KZ Machinery» ЖШС, «СемАЗ» ЖШС, ұзақ мерзімді келісіммен «Швейная фабрика «ШЕБЕР» ЖШС, «КазСПО-N» ЖШС, «САҒАН CОLOUR» ЖШС және тағы басқаларымен жұмыс істейді. Берік Биятов «Павлодарский завод «Темірмаш» ЖШС директоры «Біздің зауыт 2010 жылдан бері жұмыс істейді. Аз уақытта еліміз ішінде арнайы техника шығаратын жетекші компанияның біріне айналып үлгерді. Бізге көлемді тапсырыс беруші компаниялардың бірі «ҚазТрансОйл» АҚ болып есептеледі. Бұл компаниямен біз жақында 2 млрд теңгеден астам тауарды жеткізуге келісім шартқа қол қойдық, тоғыз жыл бұрын бұл сома 100 млн теңге көлемінде ғана болатын. Бірлесіп жұмыс істеген уақыттан бері біз ҚазТрансОйлға 70 тен астам арнайы техниканы жеткіздік. Ұзақ мерзімді шарттардың арқасында кәсіпорнымыз дамып келеді. Қазір өндіріс орнында 75 адам жұмыс істейді, басында 20 маман ғана бастаған болатынбыз. «Швейная фабрика «Шебер» ЖШС директоры Ақтеме Қасекешева «ҚазТрансОйл» АҚ бірлесіп жұмыс істеу павлодарлық 60 тұрғынның тұрақты жұмыс табуына септескенін айтады. «2009 жылдан бері, біз «ҚазТрансОйл» АҚ жұмыс істей бастап, құны 100 млн теңге болатын арнайы киімді тігіп беруге тапсырыс алдық. 10 жыл ішінде бұл қаржы 500 млн теңге дейін жетті», - дейді Ақтеме Қасекешева. Анықтама: «ҚазТрансОйл» АҚ – Қазақстан Республикасындағы магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық оператор. «ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК топтар компаниясына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың шақырым әртараптандырылғын магистральдық мұнай құбыры желісін иеленеді. «ҚазТрансОйл» АҚ компаниялар тобының өндірістік нысандары Шымкент қаласында, Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан. «ҚазТрансОйл» АҚ жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар департаменті
Реакция:
Серiктестер