KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ-тың мұнай құбырына заңсыз қосылу салдары жойылды

 21.02.2019    465
Мұнай құбырына заңсыз қосылу 2019-шы жылы 12-ші ақпанда ҚР Маңғыстау облысы бойынша ҰҚКД, МКД-ның экономикалық тергеу аймақтық қызметі және «ҚазТрансОйл» АҚ Маңғыстау мұнайқұбыры басқармасы бірігіп жүргізген жедел-тергеу жұмыстары нәтижесінде анықталды. «Өзен-Жетібай-Ақтау» магистральды мұнайқұбыры тексеру барсында 102,109 шақырымда құбырға заңсыз қосылған жер анықталды. Құбырға заңсыз қосылу әрекетін Маңғыстау мұнайқұбыры басқармасының апаттық-қалпына келтіру бекетінің жұмысшылары тоқтатты. Мұнай төгілу фактісі тіркелген жоқ, қоршаған ортаға зиян келтірілген жоқ. Қазіргі таңда компания құбырға заңсыз қосылу әрекетінің әкелген шығындарын есептеп жатыр. 2019шы жылдың 11-ші ақпанында құқық қорғау органдары үстіне 40 тонна мұнай тиелген нөмірі жоқ «HOWO» автокөлігін ұстаған еді. Бұл факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 197б. 4т. бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр. Ұрланған мұнайдың көлемі мен оның қайдан шыққаны әлі анықталып жатыр. Осыған дейін хабарланғандай, «ҚазТрансОйл» АҚ-та құбырға заңсыз қосылу әрекетті соңғы 5 жылда 12 есе азайған. 2014-ші жылы мұнай мен мұнай өнімдерін ұрлаудың 12 фактісі тіркелсе, 2015-ші жылы- 14 факті, 2016-шы жылы – 3 факті, 2017-ші жылы 6 факті тіркелген. 2018 –ші жылы «Қаламқас-Қаражанбас-Ақтау» магистарльді мұнайқұбырына заңсыз қосылу бір ғана фактісі тіркелген. Оған қатысты қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Анықтама: «ҚазТрансОйл» АҚ – Қазақстан Республикасындағы магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық оператор. «ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК топтар компаниясына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың шақырым әртараптандырылғын магистральдық мұнай құбыры желісін иеленеді. «ҚазТрансОйл» АҚ компаниялар тобының өндірістік нысандары Шымкент қаласында, Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан. «ҚазТрансОйл» АҚ жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар департаменті
Реакция:
Серiктестер