KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ Қазақстанның ең айқын компанияларының бестігіне кірді

 17.05.2019    393
Қазақстанның ірі компанияларының айқындық рейтингісінде «ҚазТрансОйл» АҚ 4-орынды иеленді. Рейтингіге еліміздің 100 компаниясы кірді. Компаниялар айқындылық стандарттары тұрғысынан ең маңызды бес өлшемшарт бойынша, оның ішінде компания туралы, корпоративтік басқару, тұрақты даму, коммуникациялар туралы ашылатын ақпарат, есептіліктің сапасы мен толықтығы бойынша бағаланды. Рейтингіні дайындау барысында компаниялардың сайттарына, 2018 жылғы жылдық есептеріне және жария коммуникацияларына талдау жүргізуге аса назар аударылды. Рейтингідегі бірінші орынды Kaz Minerals PLC компаниясы, екінші орынды «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, үшінші орынды «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ иеленді. Айқындылықты қамтамасыз етуге үздік тәжірибелерді енгізгені үшін «ҚазТрансГаз» АҚ, «ҚазТрансОйл» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ және «Қазақстан даму банкі» АҚ марапатталды. Рейтингіні «Курсив» серіктестігімен «Эксперт РА Казахстан» агенттігі дайындады. Рейтингімен https://tr.kursiv.kz сайтында танысуға болады. Фото: Аскар Ахметуллин
Реакция:
Серiктестер