2019 жылдың 2 маусымында (Нұр-Сұлтан қаласының сағатымен) 22 сағат 14 минутта Маңғыстау облысындағы «Жетібай» мұнай айдау стансасының аумағындағы технологиялық құбыр разгерметизацияланып, салдарынан «ҚазТрансОйл» АҚ қарасты Өзен-Жетібай-Ақтау мұнай құбыры бойынша мұнай тасымалы уақытша тоқтатылды. Оқиға салдарын жою үшін «ҚазТрансОйл» АҚ Маңғыстау мұнай құбыры басқармасына қарасты 12 арнайы техника жұмылдырылған. Мұнай тасымалы Өзен-Жетібай-Ақтау мұнай құбыры бойынша 2019 жылдың 4 маусымында 01 сағат 12 минутта қалпына келтірілді. Аталған мұнай құбырында жұмыс 26 сағат 58 минут бойы тоқтап тұрды. Қазіргі уақытта оқиға орын алған жерді тазалау жұмыстары жалғасып жатыр. Экологияға келтірілген залал есептелуде.
Атап айту керек, оғиға орын алған жер тұрғын үй аудандарынан алыс орналасқан және «Жетібай» МАС аумағында. Қазіргі уақытта оқиғаның не бесепті орын алғаны анықталуда.
Анықтама:
«ҚазТрансОйл» АҚ – Қазақстан Республикасындағы магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық оператор. «ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК топтар компаниясына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың шақырым әртараптандырылғын магистральдық мұнай құбыры желісін иеленеді. «ҚазТрансОйл» АҚ компаниялар тобының өндірістік нысандары Шымкент қаласында, Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан.
«ҚазТрансОйл» АҚ
жұртшылықпен байланыс және
ішкі коммуникациялар департаменті