2019 жылдың 28 маусымындағы «ҚазТрансОйл» АҚ директорлар кеңесінің шешімімен 8 шілдеде «ҚазТрансОйл» АҚ Басқарма мүшесі Құлтүмиев Әліби Амандықұлының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.
9 шілдеден бастап «ҚазТрансОйл» АҚ Басқарма мүшесі болып Таңатаров Ален Бақытжанұлы сайланды.
Таңатаров Ален Бақытжанұлы 1981 жылы 23 тамызда дүниеге келген. 2002 жылы Талсы университетін (АҚШ) инженер-мұнайшы мамандығы бойынша тәмәмдаған, сондай-ақ Саффолк университетінің (АҚШ) қаржы және бухгалтерлік есеп мамандығы бойынша МВА дәржесі бар.
Еңбек жолын 2000 жылы Шеврон компаниясында Еуразия бойынша жұмыс бөлімінің инженері болып бастаған. «ТеңізШевроил» ЖШС өңдеу бойынша басқару бөлімінің инженері болды. Әр жылдары «ҚазМунайГаз» БӨ, «ҚазМунайГаз» ҰК АҚ жұмыс істеді, «КМГ-Құмкөл» ЖШС басқарды.
2010 - 2014 жылдар аралығында «ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК атынан NCOC компаниясына іс сапарға жолданып, онда «Ақтоты» «Қайран» кен орындарын игеру бойынша үйлестіруші, «Қашаған» кен орнын игеру бойынша алғашқы кезең жобасын жүзеге асыру бойынша бөлімнің басшысы болды.
2014-2016 жылдары «Объединенная химическая компания» ЖШС органикалық химия активтері бойынша басқарушы директор, «KLPE» ЖШС бас директорының орынбасары қызметтерін қатар атқарған.
2016 жылдың ақпанынан 2019 жылдың шілдесіне дейін «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС бас директоры қызметін атқарды.
«ҚазТрансОйл» АҚ
жұртшылықпен байланыс
және ішкі коммуникациялар департаменті