KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ S&P Global Ratings халықаралық рейтинг агенттігі «ҚазТрансОйл» АҚ-ның кредиттік рейтингісін жыл сайынғы шолуды жариялағанын хабарлайды

 08.08.2019    256
S&P Global Ratings халықаралық рейтинг агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) «ҚазТрансОйл» АҚ-тың (бұдан әрі – Қоғам) кредиттік рейтингісін жыл сайынғы шолуды жариялады, оның аясында оның базалық сценарийі жаңартылды. Агенттік 2019 жылы компанияның операциялық қызметінің тұрақты көрсеткіштері мен кредит қабілеттілігінің жақсы сипаттамаларын болжауда. Агенттіктің рейтингісі 2018 жылдың қарашасында «Тұрақты» болжаммен «ВВ» деңгейге дейін көтерілген сәттен бастап өзгеріссіз қалады. Агенттік елеулі нарықтық үлестің, жақсы бәсекелік ұстанымның, компания деңгейінде қарыздың болмауының, сондай-ақ дивидендтерді төлеу және Қоғамның барлық инвестициялық жобаларын қамтамасыз ету үшін ақша қаражатының оң өтімділігін тудыруға мүмкіншілік беретін барабар ақша ұстанымының арқасында Қоғамның жоғары қаржылық икемділік деңгейін қолдайтындығын атап өтті. Сонымен қатар, Қоғамның ағымдағы рейтингісі бұрынғыша бас құрылым «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) рейтингісінің деңгейімен («ВВ», «Тұрақты» болжам) шектелген, әйтсе де Агенттік Қоғамның өзіндік кредит қабілеттілігінің сипаттамасын «bb+» деңгейде бағалап отыр. Қоғам ҚМГ тобына тиесілі болуына байланысты тәуекелдерден қорғалмайды, сондықтан Агенттік еншілес компанияға бас құрылым деңгейінен жоғары рейтинг бермейді. Агенттік Қоғамның рейтингісіне қатысты оң іс-қимылдар ҚМГ-ға қатысты ұқсас рейтингтік іс-қимылдар жағдайында жүзеге асырылуы мүмкін екендігін хабарлайды. «ҚазТрансОйл» АҚ Инвесторлармен байланыс қызметі
Реакция:
Серiктестер