KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

Moody’s Investors Service халықаралық рейтинг агенттігі «ҚазТрансОйл» АҚ ұзақмерзімді кредиттік рейтингін «Baa3» деңгейінде растады және рейтинг бойынша болжамды «Тұрақтыдан» «Жағымдыға» өзгертті

 26.08.2019    435
Moody’s Investors Service халықаралық рейтинг агенттігі (бұдан әрі - Moody’s) 2019 жылғы 22 тамызда, «ҚазТрансОйл» АҚ-ты қоса алғанда, қазақстандық компаниялардың рейтингін «Тұрақтыдан» «Жағымдыға» дейін өзгертіп, «Baa3» деңгейдегі рейтингін растады. Бұл жоғарлау Қазақстан Республикасына қатысты осы тектес рейтингтік іс-қимылға байланысты болды. Moody’s болжамының өзгеруіне көмірсутектері, сондай-ақ көмірсутектері емес секторындағы тұрақты өсу перспективаларымен және кірістің өсуімен расталатын Қазақстан Республикасындағы экономикалық тұрақтылықтың өсуін бағалау себеп болып отыр. Қазақстан Республикасының рейтингін растау – төмен борыштық жүктемемен, елеулі қаржылық қормен және экономикалық өсудің тұрақты перспективаларымен расталатын Үкіметтегі мықты теңгерімді білдіреді.
Реакция:
Серiктестер