KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

ҚазТрансОйл «Астрахань-Маңғышлақ» магистральдық суағызғысы объектілерінің құрылысы мен қайта құру жұмыстарының барысы туралы хабарлайды

 15.10.2019    498
«ҚазТрансОйл» компаниялар тобы 2017 жылғы 29 мамырда «ҚазТрансОйл» АҚ пен «Теңізшевройл» ЖШС арасында жасалған «Құлсары-Теңіз» суағызғысын салу жөніндегі ынтымақтастық туралы келісім аясында «Құлсары-Теңіз» суағызғысы құрылысының бірінші кезегі аяқталды деп хабарлайды. Қазіргі уақытта суағызғының желілік бөлігінде құрылыс-монтаждық жұмыстар аяқталды, гидравликалық сынақтар жүргізілді. Жыл аяғына дейін жобаның екінші кезектегі жұмыстарын аяқтау жоспарланған, оған резервуарлық паркі, инженерлік жүйелері мен құрылыстары бар су сорғы станциясын салу кіреді. Ұзындығы 104,2 км және өткізу қабілеті тәулігіне 13 200 текше метр болатын жаңа суағызғы «Теңізшевройл» ЖШС-ның өндірістік және техникалық қажеттіліктері үшін технологиялық суды жеткізуге арналған. Нәтижесінде «Теңізшевройл» ЖШС өндірісін кеңейту үшін қажетті мөлшерде сумен қамтамасыз етіледі. Жоба «Теңізшевройл» ЖШС қаражатының есебінен қаржыландырылады. Бұдан басқа, «Магистральдық Суағызғысы» ЖШС «Астрахань-Маңғышлақ» магистральдық суағызғысы объектілерін қалпына келтіруде. Атап айтқанда, ССС-8 су сорғы станциясын электрмен жабдықтау жүйесі қайта құрылды, ССС-5 су сорғы станциясын қайта құру жұмыстары аяқталуда. Магистральдық суағызғының тозған учаскесін ауыстыру үшін Қиғаш бас су сорғы станциясынан бастап 56 шақырымға дейін жаңа құбыр тартылды. «Объектілердің іске қосылуы магистральдық суағызғының өткізу қабілеттілігін тәулігіне 95-тен 125 мың текше метрге дейін арттырады. Яғни, Атырау және Маңғыстау облыстарының тұрғындарына, мұнай өндіруші, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру көлемі арта түседі, бұл өз кезегінде өңірдің сумен қамтылу жағдайын жақсартады», - деді «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Досанов Димаш. Анықтама: «ҚазТрансОйл» АҚ - магистральдық мұнай құбыры бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық операторы. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың км құрайтын магистральдық мұнай құбырларының әртараптандырылған желісіне ие болып келеді. «ҚазТрансОйл» АҚ-тың өндірістік объектілері Шымкент, Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан. «Магистральдық Суағызғысы» ЖШС - «КазТрансОйл» АҚ-тың еншілес ұйымы, жалпы ұзындығы 1945,1 км құрайтын «Астрахань-Маңғышлақ» суағызғысы арқылы су жеткізу қызметтерін көрсетеді. «Астрахань-Маңғышлақ» магистральдық суағызғысының жолы Атырау және Маңғыстау облыстарының аумағы арқылы өтеді. 2018 жылы тұтынушыларға 28 739 634 текше метр су берілді. «ҚазТрансОйл» АҚ жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар департаменті
Реакция:
Серiктестер