Есепті кезеңде «ҚазТрансОйл» АҚ шоғырланған мұнай жүкайналымы 34 млрд 277 млн тонна-километрді құрады, бұл 2018 жылдағы осындай кезеңнен салыстырғанда 322 млн тонна-километрге кем.
«ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша бөлек 33 млн 340 мың тонна мұнай тасымалданды, бұл 2018 жылғы 9 аймен салыстырғанда 571 мың тоннаға кем. ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша бөлек мұнай жүкайналымы 28 млрд 310 млн тонна-километр құрады, бұл 2018 жылдағы осындай кезеңнен 230 млн тонно-километрге кем.
2018 жылдағы осындай кезеңнен салыстырғанда «Өзен-Атырау-Самара» магистральдық мұнай құбырының «Атырау-Самара» учаскесі бойынша мұнай тасымалдау көлемі 431 мың тоннаға азайды және 10 млн 806 мың тонна құрады.
«ТОН-2» мұнай құбырының Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан учаскесі бойынша 8 млн 247 мың тонна мұнай тасымалданды.
«Атасу-Алашанькоу» мұнай құбырына 8 млн 211 мың тонна мұнай ауыстырып тиелді, бұл былтырғыдан 399 мың тоннаға кем.
«ҚазТрансОйл» АҚ қуаттарын пайдаланумен Ақтау портында танкерлерге мұнай құю 1 млн 510 мың тонна құрады, бұл 2018 жылғы 9 аймен салыстырғанда 17 мың тоннаға артық.
ҚҚҚ-Қ магистральдық мұнай құбырлары жүйесіне мұнай ауыстырып тиеу көлемі 2018 жылдағы осындай кезеңнен салыстырғанда 141 мың тоннаға төмендеп, 1 млн 384 мың тонна мұнай құрады.
Өндірістік көрсеткіштердің төмендеуі қызмет тұтынушылардың, соның ішінде құмкөлдік кенорындары тобының магистральдық мұнай құбырлары жүйесіне мұнай тапсыру көлемдерін қысқартуға байланысты болды. Магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша мұнай жеткізілімдері Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі бекіткен тасымалдау графиктеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Бұл ретте «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарына мұнай тасымалдау көлемдері өткен жылдағы осындай кезеңнен салыстырғанда 600 мың тоннаға өскенін айта кеткен жөн. Барлығы 12 млн 503 мың тонна мұнай, оның ішінде Атырау мұнай өңдеу зауытына - 3 млн 844 мың тонна, «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-ға - 4 млн 057 мың тонна, Павлодар мұнай химия зауытына - 3 млн 929 мың тонна, «Ақтау пластикалық массалар зауыты» ЖШС-ға - 673 мың тонна жеткізілді.
Ағымдағы жылдың 9 айы ішінде «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС мұнай құбырлары жүйесі бойынша 12 млн 150 мың тонна тасымалданды, бұл 2018 жылдағы осындай көрсеткіштен 245 мың тоннаға жоғары. Жүкайналымы 10 млрд 964 млн тонна-километрге жетіп, 2018 жылдағы осындай кезеңмен салыстырғанда 64 млн тонна-километрге ұлғайды.
«Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбыры бойынша «МұнайТас» ЖШС 2 млн 484 мың тонна мұнай тасымалдады, бұл 2018 жылдағы осындай кезеңмен салыстырғанда 545 мың тоннаға аз. Жүкайналымы 952 млн тонна-километр құрады, бұл 2018 жылдағы 9 аймен салыстырғанда 243 млн тонна-километрге аз.
Анықтама:
«ҚазТрансОйл» АҚ – магистральдық мұнай құбыры бойынша ҚР ұлттық операторы болып табылады. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың км әртараптандырылған магистральдық мұнай құбыры желісіне иелік етеді. «ҚазТрансОйл» АҚ өндірістік объектілері Шымкентте, Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан.
«ҚазТрансОйл» АҚ жұртшылықпен байланыс және
ішкі коммуникациялар департаменті