KZTO 840,99 (+0,93%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 840,99 (+0,93%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

«ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Загреб қаласында өткен «ХХІ ғасырдағы энергетика» бесінші халықаралық энергетика және мұнай конференциясына қатысты

 05.12.2019    256
2019 жылғы 3 желтоқсанда Загреб қаласында өткен «ХХІ ғасырдағы энергетика» бесінші халықаралық энергетика және мұнай конференциясына «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Д.Ғ. Досанов қатысты. Конференция Хорватия Республикасы Президентінің қамқорлығымен Хорватия Республикасының мұнай құбыры жүйесінің операторы «ЯНАФ» АҚ компаниясының 45 жылдығына орай ұйымдастырылды. Іс-шара барысында «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Досанов Д.Ғ. «ЯНАФ» АҚ-пен жемісті ынтымақтастық үшін марапатталды. Іс-шара қонақтары арасында Халықаралық мұнай тасымалдаушылар қауымдастығы басқармасының төрағасы, «МЕРО Ч.Р» бас директоры Я.Коциан, «Транснефть» ЖАҚ президенті Н.П.Токарев, «Укртранснафта» ЖАҚ бас директоры Н.Н.Гавриленко және басқа да мұнай тасымалдаушы компаниялардың басшылары болды. «ҚазТрансОйл» АҚ жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар департаменті
Реакция:
Серiктестер