KZTO 837,00 (+0,01%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 837,00 (+0,01%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

АО «ҚазТрансОйл» Ақ бас директоры Досанов Димаш халықаралық байқауларының жеңімпаздарымен кездесті

 06.12.2019    222
Нұр-Сұлтан қаласында «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Досанов Димаш «Мамандығы бойынша үздік - 2019» халықаралық мұнай құбыршылары байқауының және «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобы жұмыскерлерінің арасында өткен «Үздік маман-2019» кәсіби шеберлік байқауының жеңімпаздарымен кездесті. Ол кәсіби сайысқа қатысқандарды сәтті өнер көрсетулерімен құттықтап, «ҚазТрансОйл» командасының тарихи жеңісін атап өтті. Биыл Атыраудағы «ҚазТрансОйл» АҚ өндірістік объектілерінде өткен «Мамандығы бойынша үздік» халықаралық байқауында компания қызметкерлері 8 аталым бойынша барлық бірінші орындарды жеңіп алды. «ҚазТрансОйл» АҚ жұмыскерлері бірінші және екі екінші орындарды иелененіп, Альметьевск қаласында (Татарстан) өткен «Үздік маман-2019» «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобының кәсіби шеберлігі байқауында Қазақстанды лайықты түрде көрсетті. Досанов Димаш кездесуге қатысушыларға «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ пен «ҚазТрансОйл» АҚ басшылығының атынан алғыс айтты. «Сіздер биік белесті орнаттыңыздар, келесі бәсекелестерге сіздердің қойған рекордтарыңызға жету оңайға соқпайды», - деді компания басшысы кездесуде. Ол әріптестерін қол жеткен нәтижелермен тоқтап қалмай, кәсіби тұрғыда дамуды жалғастыруға шақырды. Өз кезегінде конкурсқа қатысушылар жұмыскерлерді ынталандыратындықтан кәсіби жарыстардың қажеттілігі туралы айтты. Бүгінгі таңда барлық жеңімпаздар компанияның кадрлық резервіне есепке алынды. Олардың кейбіреулері қазірден бастап қызмет бабында көтерілді. Артюшенко Антон Павлодар мұнай құбыры басқармасы «Павлодар» БМАС ауысымының бастығы болды, Жылгелдиев Рүстембек - Құлсары мұнай құбыры басқармасы АҚКП учаскесінің шебері болды, Әден Руслан қыркүйек айынан бастап Жезқазған мұнай құбыры басқармасының магистральдық құбырларын пайдалану жөніндегі инженері болып жұмыс істейді. «ҚазТрансОйлда» мықты өндірістік мәдениет бар, бізде кадрлардың тұрақтамауы деген жоқ, ұрпақтар сабақтастығының дәстүрлері қалыптасқан. Әрқайсыңыз әріптестеріңізге үлгі боласыз. Сондай-ақ, Сіздерді еңбек қауіпсіздігі саласындағы көшбасшы болуға шақырамын», - деп қорытындылады Досанов Димаш. Анықтама: «Мамандығы бойынша үздік-2019» халықаралық байқауы 2019 жылғы 5-8 тамыз аралығында Атырау қаласындағы «ҚазТрансОйл» АҚ өндірістік базаларында Халықаралық мұнай тасымалдаушылар қауымдастығының (ХМТҚ) қолдауымен өтті. Жарысқа ірі мұнай тасымалдаушы компаниялардың - ХМТҚ мүшелерінің 44 маманы қатысты: қазақстандық «ҚазТрансОйл», ресейлік «Транснефть», беларуссиялық «Гомельтранснефть Дружба», украиналық «Укртранснефть», «Словакия Транспетрол», венгрлік MOL және қытайлық CNPC. Алғаш рет мұнай құбыры көлігінің жұмысшы кәсіптері мамандары арасында «Мамандығы бойынша үздік» халықаралық байқауы 2003 жылы Самара қаласында (Ресей) өтті. Кәсіби шеберліктің сайысы үш рет Қазақстанда өтті: 2004 және 2007 жылдары - Ақтау қаласында, 2012 жылы - Павлодар қаласында. «ҚазТрансОйл» АҚ жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар департаменті
Реакция:
Серiктестер