KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ жұмыскерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды

 13.12.2019    300
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласында марапаттау рәсімі өтті, онда бизнес, спорт, мұнай-газ саласы және энергетика саласының өкілдері жоғары мемлекеттік наградаларға ие болды: «Парасат», II дәрежелі «Достық», «Құрмет», ІІІ дәрежелі «Еңбек данқы» ордендері, сондай-ақ - «Ерен еңбегi үшiн» медальдары мен Қазақстан Республикасының Құрмет грамоталары. Наградаларды «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің, Kazenergy қауымдастығының басшысы Тимур Кулибаев табыс етті, ол барша қауымды келе жатқан мерекемен құттықтап, ризашылығын білдірді. «Бүгін Президенттің атынан мемлекеттік наградаларды тапсыру мен үшін үлкен мәртебе. Биыл біз мұнайдың 120 жылдығын атап өттік - мұнай-газ кешені экономиканың қозғаушы күші, сондықтан бүгін мұнай-газ саласындағы ардагерлер мен жұмысшыларды осы жоғары наградалармен құттықтау - ерекше қуаныш», - деді Тимур Кулибаев. Марапатталғандардың ішінде «ҚазТрансОйл» АҚ жұмыскерлері де бар. «Ерен еңбегі үшін» медалімен Шығыс операторлық қызметтер басқармасының авариялық-қалпына келтіру пунктінің желілік құбыршысы Мұхтар Құсайынов, ІІІ дәрежелі «Еңбек данқы» орденімен ҚазТрансОйл» АҚ Атырау мұнай құбыры басқармасының Н.Н. Шманов атындағы мұнай айдау станциясы қыздыру пунктінің технологиялық қондырғылардың операторы Алла Тарасова марапатталды. «Елбасының осындай жоғары наградасын алу мен үшін үлкен мәртебе. Менің жұмысымның, біздің еңбегіміздің жоғары бағаланғанына өте қуаныштымын, мен осы компанияда жұмыс жасағанымды мақтан тұтамын. ҚазТрансОйлдың болашағы зор деп білемін, ол мұнайды тасымалдау жөніндегі ұлттық оператор мәртебесін одан әрі нығайта түсетініне кәміл сенімдімін», - деді Мұхтар Құсайынов. Мұхтар Сейтмағзұмұлы «ҚазТрансОйл» АҚ-та 2000 жылдан бастап жұмыс істейді. 2006 жылдан бастап Шығыс операторлық қызметтер басқармасының №9 мұнай айдау станциясы авариялық-қалпына келтіру пунктінің желілік құбыршысы. Компаниядағы еңбек жолының алғашқы күнінен бастап ол өзін жоғары білікті маман ретінде көрсетті. Магистральдық мұнай құбырындағы зақымдарды жөндеу және жою бойынша үлкен тәжірибесі бар. Әріптестері арасында үлкен құрметке ие. Алла Евгеньевна «КазТрансОйл» АҚ-та 23 жыл жұмыс істейді. Осы жылдар ішінде ол өз жұмысында жоғары кәсіпқойлыққа қол жеткізді. Онда парыз бен жауапкершілік сезімі бар. 2015 жылы Қазақстандағы құбыр көлігін дамытуға қосқан үлесі үшін және құбыр көлігінің 80 жылдығына орай Атырау қаласы әкімінің алғысын алды. Анықтама: «ҚазТрансОйл» АҚ - магистральдық мұнай құбыры бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық операторы. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың км құрайтын магистральдық мұнай құбырларының әртараптандырылған желісіне ие болып келеді. «ҚазТрансОйл» АҚ-тың өндірістік объектілері Шымкент, Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан. «ҚазТрансОйл» АҚ жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар департаменті
Реакция:
Серiктестер