«Транснефть» ЖАҚ және Усть-Луга портында кондициялық емес мұнайды тиегені үшін шығындарды өтеу мәселесінде қазақстандық мұнай компаниялары атынан сөйлеген «ҚазТрансОйл» АҚ арасында қол қойылған келісімдердің шеңберінде «Транснефть» ЖАҚ тарапынан 14 қазақстандық мұнай компаниясына төлемдер жасалды.
Естеріңізге салсақ, 2019 жылдың сәуір-мамыр айларында тасымалданған мұнайда хлорорганикалық қоспалардың жоғары шоғырлануына байланысты «Транснефть» ЖАҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесінде төтенше жағдай орын алды, бұл Усть-Луга портындағы танкерлерге қазақстандық жүк жөнелтушілері үшін кондициялық емес мұнай тиеуге әкеліп соқтырды.
Анықтама:
«ҚазТрансОйл» АҚ – магистральдық мұнай құбыры бойынша ҚР ұлттық операторы болып табылады. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың км әртараптандырылған магистральдық мұнай құбыры желісіне иелік етеді. «ҚазТрансОйл» АҚ өндірістік объектілері Шымкентте, Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан. 5 бағыт бойынша қазақстандық мұнай өндіру зауыттарына және экспортқа мұнай тасымалдайды: «Атырау – Самара» және «Қазақстан-Қытай» мұнай құбырлары, Ақтау порты (танкерге мұнай құю), темір жол (цистерналарға құю), ҚҚҚ жүйесіне ауыстырып тиеу.
«ҚазТрансОйл» АҚ жұртшылықпен байланыс және
ішкі коммуникациялар департаменті