KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«Транснефть» ЖАҚ кондициялық емес мұнай үшін 18 қазақстандық мұнай компаниясына төлемдер жасады

 30.12.2019    291
«Транснефть» ЖАҚ және Усть-Луга портында кондициялық емес мұнайды тиегені үшін шығындарды өтеу мәселесінде 38 қазақстандық мұнай компаниясы атынан сөйлеген «ҚазТрансОйл» АҚ арасында қол қойылған келісімдердің шеңберінде «Транснефть» ЖАҚ тарапынан тағы 18 қазақстандық мұнай компаниясына төлемдер жасалды. Осындай төлемдер бұрын 14 компанияға жасалған болатын. Естеріңізге салса кетейік, 2019 жылдың сәуір-мамыр айларында тасымалданған мұнайда хлорорганикалық қоспалардың жоғары шоғырлануына байланысты «Транснефть» ЖАҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесінде төтенше жағдай орын алды, бұл Усть-Луга портындағы танкерлерге қазақстандық жүк жөнелтушілері үшін шамамен 699 мың тонна кондициялық емес мұнай тиеуге әкеліп соқтырды. Анықтама: «ҚазТрансОйл» АҚ – магистральдық мұнай құбыры бойынша ҚР ұлттық операторы болып табылады. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың км әртараптандырылған магистральдық мұнай құбыры желісіне иелік етеді. «ҚазТрансОйл» АҚ өндірістік объектілері Шымкентте, Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан. 5 бағыт бойынша қазақстандық мұнай өндіру зауыттарына және экспортқа мұнай тасымалдайды: «Атырау – Самара» және «Қазақстан-Қытай» мұнай құбырлары, Ақтау порты (танкерге мұнай құю), темір жол (цистерналарға құю), ҚҚҚ жүйесіне ауыстырып тиеу. «ҚазТрансОйл» АҚ жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар департаменті
Реакция:
Серiктестер