KZTO 839,99 (+0,37%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 839,99 (+0,37%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

Қазақстан арқылы Қытайға жөнелтілетін рессейлік мұнайдың транзиті тоқтатылмады

 23.01.2020    488
«ҚазТрансОйл» АҚ магистральды мұнай құбырлары жүйесі арқылы Қытайға тасымалданатын рессейлік мұнайдың транзиті тоқтатылмады және ГОСТ шеңберіндегі сапа мен келісімді міндеттерге сай толықтай жүзеге асуда. 2020 жылдың 22 қаңтарының 14:10 Мәскеу уақыты бойынша магистральды мұнай құбырлары жүйесіне «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ мұнай қабылдау ішінара қалпына келтірілді. Тапсырылып жатқан мұнай құрамындағы хлороорганикалық қоспалардың мөлшері белгіленген нормалардан аспайды. Естеріңізге салсақ, «ҚазТрансОйл» АҚ магистральды мұнай құбырлары жүйесінде мұнай қабылдау кезінде мұнай сапасын сараптау нәтижелеріне сай 204°С дейін қайнайтын фракцияда хлороорганикалық қоспалардың шамадан тыс екендігі анықталды. Сол күні «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамымен тапсырылатын мұнай сапасына қатысты сұрақтарды шешу үшін мұнай қабылдау тоқтатылды. Магистральды мұнай құбырлары жүйесі бойынша экспорт пен ҚР МӨЗ-на тасымалданатын мұнай көлемінің төмендеуіне байланысты ҚР Энергетика министрлігі 2020 жылдың қаңтар айына мұнай жеткізу кестесіне түзетулер енгізді. Оның ішінде, Қытай бағыты бойынша қазақстандық өндірушілермен тасымалданатын мұнай экспорты төмендеді. Босаған көлемдер ПҚОП жүктеу үшін қайта бағытталды. Сонымен қатар, ПМӨЗ жүктеу кестесі де өзгертілді. Бүгінгі таңда магистральды мұнай құбырлары жүйесі бойынша мұнай тасымалы түзетілген кестеге сай жүзеге асуда. Анықтама: «ҚазТрансОйл» АҚ – магистральдық мұнай құбыры бойынша ҚР ұлттық операторы болып табылады. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың км әртараптандырылған магистральдық мұнай құбыры желісіне иелік етеді. «ҚазТрансОйл» АҚ өндірістік объектілері Шымкентте, Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе облыстарында орналасқан. 5 бағыт бойынша қазақстандық мұнай өндіру зауыттарына және экспортқа мұнай тасымалдайды: «Атырау – Самара» және «Қазақстан-Қытай» мұнай құбырлары, Ақтау порты (танкерге мұнай құю), темір жол (цистерналарға құю), ҚҚҚ жүйесіне ауыстырып тиеу. «ҚазТрансОйл» АҚ жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар департаменті
Реакция:
Серiктестер