KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ 2019 жылдағы қызметінің нәтижелері туралы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ алдында есеп береді

 27.01.2020    624
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқармасының төрағасы Алик Айдарбаев «ҚазТрансОйл» АҚ-та көшпелі отырысын өткізіп, онда 2019 жылға арналған мұнай тасымалдау жөніндегі ұлттық оператордың қызметі туралы есепті тыңдады. Отырысқа «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқармасы төрағасының мұнай тасымалдау, халықаралық жобалар және «Сары Арқа» газ құбырын салу жөніндегі орынбасары Данияр Берлібаев, Басқарма төрағасының орынбасары – қаржы директоры Дәурен Қарабаев, Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Жақып Марабаев, Басқарма төрағасының стратегия, инвестициялар және бизнесті дамыту жөніндегі орынбасары Дастан Абдұлғафаров және басқа да қаржылық, өндірістік, құқықтық және кадр блоктарының өкілдері қатысты. «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Димаш Досанов атап өткендей, компанияның негізгі көрсеткіштерінің барлығы орындалды. 2019 жылы шоғырланған мұнай жүкайналымы 45,6 млрд тонна-километр құрады. «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша бөлек 44,5 млн тонна мұнай тасымалдады, бұл жоспардан 389 мың тоннаға жоғары. Күрделі салымдар бойынша жоспарды «ҚазТрансОйл» АҚ 95% немесе 41,1 млрд теңгеге орындады. 2019 жылы компания 1044 км мұнай құбырына құбырішілік диагностика жасады. Соңғы төрт жылдың ішіне 412 км магистральдық мұнай құбыры жөнделді, 978 мың ақау жойылды. Өзінің қалыпты жұмыс істеу мерзімі аяқталған 5 сорап қондырғысы ауыстырылды. Трансформациялау бағдарламасын іске асыру шеңберінде «ҚазТрансОйл» АҚ басқару құрылымы қайта құрылды, IT-функциялары оңтайландырылды, бейінді емес салада жұмыс істейтін персоналды аутсорсингке аудару жобалары іске асырылды. Осы жобаларды іске асырудан жалпы экономикалық тиімділік 2017-2021 жылдары 5,6 млрд теңге деңгейінде күтіледі. «ҚазТрансОйл» АҚ-та бизнес-процестерді оңтайландыруға және тиімділігін арттыруға, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігін артыруға бағытталған Цифрлық технологияларды дамыту бағдарламасы әзірленді. Д. Досановтың айтуынша, 2020 жылы компания авариясыз және үздіксіз мұнай тасымалдауға, стратегиялық маңызы бар «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбырының реверсі жобасын аяқтауға зейін қояды. «Компания жұмыскерлері арасында жарақаттық деңгейін төмендету, еңбек қауіпсіздігін және еңбек қорғауды арттыру мақсатында 2020 жыл «ҚазТрансОйл» АҚ Қауіпсіздік жылы болып жарияланды. Бұл біз үшін қатаң сын», - деп қосты компанияның бас директоры. Есепті тыңдаған «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқармасының төрағасы Алик Айдарбаев компанияның тұрақты көрсеткіштеріне назар аударып, қолда бар бизнес-процестерді оңтайландыру жөніндегі талдамалық жұмысқа оң баға берді. «Егер «КазТрансОйл» АҚ стратегиялық мақсаттары – мұнайды сенімді, үздіксіз тасымалдау және қауіпсіздік техникасын сақтау болып табылса, онда оларды іске асыру қажет. Маған ҚТО-ның бизнес-процестерді үнемі жақсартуға бағытталған цифрландыру бағдарламасы ұнап отыр. Компания 2020, 2021 жылдары және әрі қарай қалай дамитынын нақты түсіну қажет», - деді сөзінің соңында А. Айдарбаев. ҚазМұнайГаз басшысы бағыттарды әртараптандыруды қамтамасыз ету, қызметін жақсарту және қауіпсіздік техникасын арттыру бойынша ҚазТрансОйл алдындағы міндеттерге тағы бір назар аударды. Бұл ретте, ол «Кеңқияқ-Атырау» реверсі жобасының іске асырылуын ерекше бақылауға алуды тапсырды. Анықтама: «ҚазТрансОйл» АҚ – магистральдық мұнай құбыры бойынша ҚР ұлттық операторы болып табылады. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың км әртараптандырылған магистральдық мұнай құбыры желісіне иелік етеді. «ҚазТрансОйл» АҚ өндірістік объектілері Шымкентте, Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан. «ҚазТрансОйл» АҚ жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар департаменті
Реакция:
Серiктестер