KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

ҚазТрансОйл 22 жыл ішінде 2100 км магистральдық мұнай құбырын алмастырды

 27.02.2020    584
«ҚазТрансОйл» АҚ 2015-2019 жылдарға өндірістік бағдарламаны орындауды аяқтады. Өткен кезеңде Компания мұнай құбырларының тұтастығы мен қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз етуге байланысты үлкен жұмыс атқарды. «ҚазТрансОйл» АҚ Бас директорының орынбасары Сәбит Арыновтың ақпараты бойынша қазіргі уақытта магистральдық мұнай құбырларының жалпы ұзындығының 47% - нің пайдалану мерзімі 30 жылдан асады. Компания мұнайды авариясыз тасымалдауды қамтамасыз ету үшін негізгі шаралар кешенін жүргізеді. Уақытылы құбырішілік диагностиканың және жүргізіліп жатқан жөндеулердің арқасында соңғы 11 жылда «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырларының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету және авариялық жағдайларды төмендету бойынша ахуал айтарлықтай жақсарды. Сенімділікті арттырумен бірге компания 2009 жылдан бастап 2019 жылға дейін электр энергиясын тұтынуды 35 млн кВт/сағатқа немесе 11% - ке төмендетті, газ шығыны 63 млн текше метрге немесе 40% - ке азайды. Бұл ретте магистральдық мұнай құбырлары бойынша мұнайдың жүк айналымы 11 жыл ішінде 4 млрд тонна-километрге немесе 12% - ке ұлғайды. «1997 жылдан бастап мұнай құбырларының барлық жүйесі бойынша жалпы ұзындығы 2100 км-ден астам құбыр жолдары ауыстырылды. Тек соңғы бес жылда ұзындығы 412 км учаскелерді ауыстыру бойынша жұмыстарды жүргізді. 2020-2024 жылдары 396 км трассаны ауыстыру жоспарланған, бұл компанияның мұнай құбырларының жалпы ұзындығының 7%-ін құрайды», - деп хабарлайды Сәбит Арынов. 2015 жылдан бастап 2019 жылға дейінгі кезеңде Н. Шманов атындағы, «Барсенгір», «Қаражанбас», «Жұмағалиев» атындағы, «Атасу» және т.б мұнай айдау станцияларындағы өз мерзімін өтеген 40 сорғы агрегаттарын қазіргі заманғы аналогтарға ауыстыруды іске асырды. Технологиялық процестерді автоматтандыру бағыты бойынша «Өзен-Атырау – Самара» ММҚ 1235 км - де ҚТП (қабылдау-тапсыру пункті) пайдалануға берілді, Павлодар БМАС, Шымкент ҚТП-та мұнай сапасының көрсеткіштері мен мөлшерін өлшеу жүйесі жаңғыртылды, 6 объектіде периметралды бейнебақылау жүйесі енгізілді, сондай-ақ Нұр-сұлтан қаласындағы бірыңғай орталықтан диспетчерлік басқаруды орталықтандыру бойынша айтулы жоба аяқталды. Компания объектілерін өндірістік-технологиялық байланыспен қамтамасыз ету үшін шығыс өңірінің талшықты-оптикалық байланыс желісі, магистральдық мұнай құбырларының бойындағы транкингтік радиобайланысы жаңғыртылды, өзіндік қызмет көрсетілмейтін байланыс тораптары салынды. 2019 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ күрделі салымдар бойынша жоспарды 95%-ке орындады, бұл ақшалай мәнде 41,1 млрд теңгені құрайды. Қаражат өндірістік активтерді сенімді және қауіпсіз пайдалануды, сондай-ақ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша мұнайды үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз етуге бағытталған. Мәселен, өткен жылы жоспардағы 1577 ақаудың орнына 1644 аса қауіпті ақау жойылды. Жалпы ұзындығы 1044 км магистральдық мұнай құбырларының құбырішілік диагностикасы орындалды. Анықтама: «ҚазТрансОйл» АҚ - магистральдық мұнай құбыры бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық операторы. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың км құрайтын магистральдық мұнай құбырларының әртараптандырылған желісіне ие болып келеді. «ҚазТрансОйл» АҚ-тың өндірістік объектілері Шымкент, Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе облыстарында орналасқан. 5 бағыт бойынша қазақстандық мұнай өндіру зауыттарына және экспортқа мұнай тасымалдайды: «Атырау – Самара» және «Қазақстан-Қытай» мұнай құбырлары, Ақтау порты (танкерге мұнай құю), темір жол (цистерналарға құю), ҚҚҚ жүйесіне ауыстырып тиеу. Мұнайды магистральдық мұнай құбырларымен тасымалдау 36 мұнай айдау станцияларымен, 218 сорғы агрегаттарымен, 7 мұнай жылыту станцияларымен, 67 мұнай жылыту пештерімен, жалпы көлемі 1 386,0 мың текше метр мұнайды сақтауға арналған резервуарлық парктермен қамтамасыз етіледі. Мұнайды ауыстырып құю 4 ағызу-құю теміржол эстакадаларымен, Ақтау портының теңіз мұнай құю терминалының 3 айлағында орнатылған танкерлерге мұнайды құю жөніндегі тиісті жабдықтармен қамтамасыз етіледі. «ҚазТрансОйл» АҚ жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар департаменті
Реакция:
Серiктестер