KZTO 834,63 (+0,21%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 834,63 (+0,21%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

Ерболат Меңдібаев «ҚазТрансОйл» АҚ Басқарма мүшесі болып сайланды

 18.03.2020    513
18 наурыздың 2020 жылынан бастап Ерболат Меңдібаев «ҚазТрансОйл«АҚ бас директорының орынбасары болып тағайындалды. «ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесінің 16 наурыздағы 2020 жылғы шешімімен Ерболат Меңдібаев 18 наурыздан 2020 жылғы бастап «ҚазТрансОйл«АҚ басқармасының мүшесі болып сайланды. Ерболат Меңдібаев 12 қарашада 1965 жылы дүниеге келген. 1988 жылы В. И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының «машина жасау технологиясы, металл кесетін станоктар мен аспаптар» мамандағы бойынша «инженер-механик» біліктілігін алған. Еңбек жолын 1988 жылы тамыз айында «Прикаспийский горно-металлургический комбинат» ӨБ жөндеу-механикалық зауытында бастаған, түрлі инженерлік қызметтерді атқарды. 1996-2006 жылдары «Южнефтепровод» ӨБ мен «ҚазТрансОйл» МТҰҚ» ЖАҚ-та әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 2006 жылдан бастап 2020 жылдың наурызына дейін «ҚазТрансОйл» АҚ Шығыс филиалы директорының тауар-көлік операциялары жөніндегі орынбасары, тасымалдау департаментінің, бас диспетчерлік басқармасының директоры болды. 2020 жылдың 3 ақпанынан бастап «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының орынбасары қызметін қоса атқарды. Анықтама: «ҚазТрансОйл» АҚ-Қазақстан Республикасының магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық операторы. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың км магистралдық мұнай құбырларының әртараптандырылған желісіне ие. Өндірістік объектілер «ҚазТрансОйл» АҚ Шымкентте, Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы және Ақтөбе облыстарында орналасқан. Мұнайды қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарына және экспортқа 5 бағыт бойынша тасымалдайды: «Атырау – Самара» және «Қазақстан-Қытай» мұнай құбырлары, Ақтау порты (мұнайды танкерлерге құю), темір жол (цистерналарға құю), КТК жүйесіне ауыстырып тиеу. «ҚазТрансОйл» АҚ Қоғаммен байланыс және ішкі коммуникациялар департаменті
Реакция:
Серiктестер