Елімізде коронавирустың таралуы бойынша жағдай күн сайын өзгеріп, өкінішке орай өңірлерді де қамтып жатыр. Көптеген ұйымдардың жұмыс істеу режимі өзгеріске ұшырады - қызметкерлердің басым бөлігі қашықтан жұмыс істеуге жіберілді, еліміздің ірі қалаларында карантин енгізілді. Мұндай шаралар халық игілігі мен адам денсаулығы үшін жасалғаны сөзсіз.
«ҚазТрансОйл»-да тысқары қалған жоқ. Компанияның негізгі өндірісі шоғырланған аймақтарда қызметкерлердің 25%-ы (6 800 адам) ақылы еңбек демалысына жіберіліп, қашықтағы жұмысқа ауыстырылады. Мұнайдың үздіксіз тасымалдануын қамтамасыз ету жұмыстары орынша жүргізілуде.
Коронавирустың алдын-алу бойынша Компанияда қабылдаған шаралар:
- карантин кезеңінде өндірістік нысандар мен еншілес ұйымдардағы ауысымдық жұмыс режимі өзгертілді;
- мердігер ұйымдардың қосымша медициналық тексерістері ұйымдастырылды;
- вахтаны қоса алғанда асханалар азық-түлік қорымен қамтамасыз етілді;
- өндіріс орындарындағы барлық жұмысшылар қорғаныс респираторларымен қамтамасыз етілген;
- үй-жайларды дезинфекциялық өңдеу жұмыстары үнемі жүргізіледі.