«Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 Жарлығымен енгізілген Қазақстан Республикасының барлық аумағындағы төтенше жағдайдың қолданысы 2020 жылғы 1 мамырға дейін ұзартылуына байланысты, 2020 жылғы 1 сәуірде «Казахстанская правда» газетінде өткізу туралы ақпаратта жарияланған бекітілген тарифтік сметалардың орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділік көрсеткіштерінің сақталуы және 2019 жылғы «ҚазТрансойл» АҚ-тың тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы есептер «ҚазТрансОйл» АҚ қызметінің жариялылық және транспаренттілік қағидаттарын қамтамасыз ету, сондай-ақ тұтынушылардың мүдделерін сақтау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдайдың қолданылуы аяқталғаннан кейін өтеді.
Есептерді өткізу күні мен орны туралы ақпарат аптасына кемінде бір рет шығарылатын және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымында, сондай-ақ «ҚазТрансОйл» АҚ интернет-ресурсында https://www.kaztransoil.kz/ жарияланады.