«ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамы («ҚазТрансОйл» АҚ атқарушы органының орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қ., Есіл ауданы, Тұран даңғылы, 20-ғимарат, 12-тұрғын емес үй-жай) «ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі (№ 4/2020 отырыс хаттамасы) шешіміне сәйкес «ҚазТрансОйл» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын (бұдан әрі – Жалпы жиналыс) акционерлердің Жалпы жиналысының мәжілісін өткізбестен сырттай дауыс беру арқылы 2020 жылғы 27 мамырға шақыру туралы хабарлайды. Жалпы жиналысты шақырудың бастамашысы ретінде «ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесі болып табылады. Жалпы жиналысқа қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімін жасау күні – 2020 жылғы 14 мамыр. Егер Жалпы жиналысқа қатысуға және онда дауыс беруге құқығы бар акционерлердің тізімі жасалғаннан кейін осы тізімге енгізілген тұлға «ҚазТрансОйл» АҚ өзіне тиесілі дауыс беретін акцияларын иеліктен айырған болса, Жалпы жиналысқа қатысу құқығы жаңа акционерге ауысады. Бұл ретте жаңа акционер акцияларға меншік құқығын растайтын құжаттарды табыс етуге тиіс. Сырттай дауыс беру нәтижелерін есептеу үшін толтырылған бюллетеньдерді ұсынудың басталу күні – 2020 жылғы 20 мамыр. Сырттай дауыс беру нәтижелерін есептеу үшін толтырылған бюллетеньдерді ұсынудың аяқталу күні – 2020 жылғы 26 мамыр, 18 сағат 30 минутқа дейін (Нұр-Сұлтан қ.уақыты бойынша). Сырттай дауыс беру нәтижелерін есептеу күні – 2020 жылғы 27 мамыр. Жалпы жиналыстың күн тәртібі: 1. «ҚазТрансОйл» АҚ-тың 2019 жылғы жылдық қаржылық есептілігін және шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы. 2. 2019 жылға «ҚазТрансОйл» АҚ-тың таза табысын, өткен жылдардағы бөлінбеген пайдасын бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және «ҚазТрансОйл» АҚ-тың бір жай акциясына есептегендегі дивиденд мөлшерін бекіту туралы. 3. «ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесінің 2019 жылы атқарылған жұмыстар туралы жылдық есебін бекіту туралы. 4. «ҚазТрансОйл» АҚ акционерлерінің 2019 жылға «ҚазТрансОйл» АҚ және оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне арналған өтініштері мен оларды қарау қорытындылары туралы. 5. «ҚазТрансОйл» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысы туралы ережені бекіту туралы. 6. «ҚазТрансОйл» АҚ есеп комиссиясының кейбір мүшелерінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату және «ҚазТрансОйл» АҚ есеп комиссиясының жаңа мүшелерін сайлау туралы. Акционерлер Жалпы жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдармен 2020 жылғы 16 мамырдан бастап жұмыс күндері 10 сағат 00 минуттан бастап 17 сағат 00 минутқа дейін (Нұр-Сұлтан қ.уақытымен) мына мекенжай бойынша: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қ., Есіл ауданы, Тұран даңғылы, 20-ғимарат, 12-тұрғын емес үй-жай, 808-каб., 809-каб., сондай-ақ «ҚазТрансОйл» АҚ-тың интернет-ресурсында - https://www.kaztransoil.kz таныса алады. Дауыс беруді өткізу тәртібі: Сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньге акционер - жеке тұлға (акционер - жеке тұлға өкілі) оның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді (жеке куәлігінің/паспортының нөмірі, берілген күні, құжатты берген орган және жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)) көрсете отырып қол қоюы тиіс. Акционер - заңды тұлғаның сырттай дауыс беруіне арналған бюллетенге оның басшысы (акционер - заңды тұлға өкілі) қол қоюға тиіс. Сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньге акционердің өкілі қол қойған жағдайда сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньге акционер өкілінің өкілеттігін растайтын сенімхаттың немесе өзге құжаттың көшірмесі қоса беріледі. Акционер - жеке тұлғаның немесе акционер - заңды тұлға басшысының немесе акционер - жеке тұлға өкілінің не акционер - заңды тұлға өкілінің қолы қойылмаған бюллетень жарамсыз деп есептеледі. Дауыстарды санау кезінде акционер (акционердің өкілі) бюллетеньде белгіленген мәселелер бойынша дауыс беру тәртібін сақтаған және дауыс берудің ықтимал нұсқаларының біреуін ғана белгілеген жағдайда дауыстар ескеріледі. Жалпы жиналысты өткізу тәртібі бойынша өзге де мәселелер «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының жарғысында айқындалған. Жалпы жиналыс «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-52 – баптарына сәйкес өткізіледі. Жалпы жиналысты өткізуге байланысты сұрақтарға жауаптарды +7 (7172) 55 52 05; +7 (7172) 55 50 51 телефондары арқылы, e-mail: marabayeva@kaztransoil.kz алуға болады.