Маңғыстау облысының мұнай өндіруші кәсіпорындары қызметкерлер арасында коронавирустық инфекцияның таралу қаупін азайту және қызметтің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін жұмыстың вахталық әдісіне көшті. Маңғыстау мұнай құбыры басқармасының қабылдау-тапсыру пункттерінің қызметкерлері де вахталық қызметке ауыстырылды.
Олардың қатарында «Ақтау» БМАС «Дунга» ҚТП-ның 4 қызметкері, «Жетібай» МАС «Тасболат» ҚТП –ның 4 қызметкері. Сондай-ақ, 20 сәуірден бастап «Ақтау» БМАС 4 қызметкері мен «Битумный завод» ҚБП орталық химиялық зертханасының 4 зертханашысы әдеттегі жұмыс тәртібін өзгертті.
Кен орындарында жұмыс істейтін әріптестерімізге еңбек ету және толыққанды өмір сүру үшін барлық жағдай жасалған. Мұнай өндіруші компаниялар қызметкерлерді тұрғын үймен және тамақпен қамтамасыз ету мәселелерін өз мойнына алды.
Тасболат кен орнындағы ММҚБ «Жетібай» МАС тауарлық операторы Наталья Игонькина 20 күннен астам уақыт еңбек вахтасын атқарады. Оның айтуынша, ол жұмыс режиміндегі өзгерістерге түсіністікпен қарап, мұнайды тасымалдаудың тоқтаусыз процесіне өз үлесін қосуды жалғастыруда.
28 сәуірдегі 2020 жылғы мәліметтер бойынша, COVID-19 жұқтырғандар саны Маңғыстау облысында 31 адамды құрайды. Облыста жұқтырғандардың сыни өсуі жағдайында, компанияда бірқатар оқшауланған құрылымдық бөлімшелердің мамандарын сарғыш деңгейге сәйкес вахталық жұмыс әдісіне ауыстыру жоспарын жасады. Бұл кәсіпорындар тізіміне сондай-ақ «Ақтау» БМАС және «Жетібай» МАС кірді. Бұл мұнай айдау станцияларында тұруға арналған орындар дайындалып, вахташылар қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайлар жасалған.