KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«КазТрансОйл» АҚ есебін өткізу туралы хабарландыру

 05.05.2020    618
«ҚазТрансОйл» АҚ «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 Жарлығымен енгізілген төтенше жағдай кезеңінде табиғи монополиялар және қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілерінің есептер мен ақпараттың жекелеген түрлерін ұсыну мерзімдерін ұзарту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 4 бұйрығына сәйкес бекітілген тарифтік сметалардың орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділік көрсеткіштерінің сақталуы және тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғаларға келесі реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі 2019 жылғы «ҚазТрансОйл» АҚ қызмет тиімділігінің көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы есептер өткізетінін хабарлайды:
– магистральдық мұнай құбырлары жүйесімен мұнай тасымалдау; – жылу энергиясын өндіру, беру және тарату; – электр энергиясын беру; – суды таратушы желілер арқылы беру; – сарқынды суларды бұру.
Өткізу күні –2020 жылғы 29 мамыр, сағат 10.00. Өткізілетін орны: Нұр-Сұлтан қ., Есіл ауданы, Тұран даңғылы, 20- ғимарат, 12-тұрғын емес үй-жай, 7 -қабат, конференц- залы.
Реакция:
Серiктестер