Н. Шманов атындағы МАС-та «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбырының реверсі жобасының бірінші іске қосу кешені пайдалануға берілді. «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Димаш Досанов Н. Шманов атындағы МАС-тан «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбырына дейінгі екі желілік тұйықтағыш құрылысын аяқтау презентациясына қашықтан қатысты.
«Ел басшылығы бізге «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбырының реверсі жобасын уақтылы пайдалануға беруді міндеттеді, бұның іске асырылуы құбырдың өткізу қабілетін жылына 6 млн тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Құрылысты ағымдағы жылдың аяғына дейін аяқтау үшін бар күшімізді салуымыз керек», - деді Димаш Досанов онлайн-трансляция барысында.
Реверс жобасы Қазақстан-Қытай мұнай құбырлары жүйесін салудың және дамытудың бірден бір кезеңі болып табылады. Реверс аяқталғаннан кейін еліміздің мұнай өңдеу зауыттарымен: «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-мен, Павлодар мұнай-химия зауытымен және экспорттық бағыттармен («Атасу-Алашанькоу» м/қ бойынша, Шағыр МҚП-да т/ж цистерналарына құю) көбірек батыс қазақстандық кен орындарын байланыстыруға мүмкіндік туады.
«Бірінші іске қосу кешені шеңберінде Н. Шманов атындағы МАС-тан «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбырына дейін екі желілік тұйықтағыш құрылысы, сондай-ақ мұнай құбырының желілік бөлігін реконструкциялау аяқталды. Объектінің пайдалануға берілуі реверстік бағытта ай сайынғы мұнай айдау көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді, сондай-ақ еліміздің мұнай өңдеу зауыттарын тұрақты жүктеуді және Қытайға қазақстандық мұнай экспортын қамтамасыз етеді» - деп мәлімдеді «МұнайТас» ЖШС бас директоры Мақсат Хәлімов.
Анықтама:
«Қазақстан-Қытай» мұнай құбырын салудың екінші кезеңінің екінші кезегі» жобасы шеңберінде «Өнімділігі жылына 6 млн тоннаға дейін «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбыры учаскесі реверсінің бірінші кезеңі» мұнай тасымалдау бағыттарын әртараптандыру және Қазақстан Республикасының көп векторлы көмірсутектер тасымалдау жүйесін құру мақсатында іске асырылады.
Реверс жобасы екі іске қосу кешеніне бөлінген. Бүгінгі күнде жобаның бірінші іске қосу кешені бойынша жұмыстар аяқталды, оның шеңберінде Н. Шманов атындағы МАС-тан «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбырына дейін жалпы ұзындығы 6,5 км екі желілік тұйықтағыш мұнай құбырының құрылысы жүзеге асырылды; байланыс, телекоммуникациялар және SCADA жүйесін ескерумен, «Т. Қасымов» атындағы МАС, «Кеңқияқ» МАС аумағындағы «МұнайТас» ЖШС объектілерін, 226 км ТҚЖҚТ және «Атырау-Кеңқияқ» желілік бөлігінде реконструкциялау жұмыстары аяқталды. Инвестициялық жобаны іске асырған компания: «МұнайТас» ЖШС.
«ҚазТрансОйл» АҚ – магистральдық мұнай құбыры бойынша ҚР ұлттық операторы болып табылады. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың км әртараптандырылған магистральдық мұнай құбыры желісіне иелік етеді. «ҚазТрансОйл» АҚ өндірістік объектілері Шымкентте, Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан 5 бағыт бойынша қазақстандық мұнай өндіру зауыттарына және экспортқа мұнай тасымалдайды: «Атырау – Самара» және «Қазақстан-Қытай» мұнай құбырлары, Ақтау порты (танкерге мұнай құю), темір жол (цистерналарға құю), ҚҚҚ жүйесіне ауыстырып тиеу.
«ҚазТрансОйл» АҚ жұртшылықпен байланыс және
ішкі коммуникациялар департаменті