KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Д. Досанов «Кеңқияқ-Атырау» реверс жобасы бойынша жұмыстарды жеделдетуді тапсырды

 11.09.2020    1015
»ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Димаш Досановтың төрағалығымен »МұнайТас» ЖШС-да өткен көшпелі кеңесте »Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбыры реверсінің жобасын салу мәселелері қаралды.

«МұнайТас» ЖШС бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Әмір Ғалидің айтуынша, «Кеңқияқ – Атырау» мұнай құбырының реверсі жобасының аясында бірінші іске қосу кешені бойынша жұмыстар аяқталды. Атап айтқанда, Н.Шманов ат. БМАС-тан «Атырау– Кеңқияқ» мұнай құбырына дейін жалпы ұзындығы 6,5 км болатын мұнай құбырының екі тармақты бөгеті салынды. Т.Қасымов ат. МАС, «Кеңқияқ» МАС аумақтарында «МұнайТас» ЖШС объектілерін, «Атырау–Кеңқияқ» мұнай құбырының желілік бөлігін қайта құру аяқталды.

«Аман» МАС-ты жобалауды, жабдықтарын жеткізуді және пайдалануға беруді көздейтін екінші іске қосу кешені аясында жұмыстар 57%-ке орындалды. Осылайша, жабдықтарды жеткізу 66%-ке жүзеге асырылды, құрылыс бойынша прогресс 34%-ті құрады. «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбырының «Аман» МАС-та мұнай қыздыру пештерін орнату бойынша жобаны әзірлеу аяқталды. Жоба мемлекеттік сараптамаға жіберілді», - деді Әмір Ғали.

Қазіргі уақытта құрылыс объектісінде 302 адам жұмыс істейді, қыркүйек айының соңына дейін жұмысшы персоналдың санын 350 адамға дейін арттыру, кейіннен 450 адамға дейін жұмылдыру жоспарлануда.

Өз кезегінде «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Димаш Досанов реверс жобасының Қазақстан экономикасы үшін стратегиялық маңызы бар екенін атап өтті. Коронавирус пандемиясымен байланысты жоғары тәуекелдерді ескере отырып, «МұнайТас» ЖШС-ға объект құрылысы бойынша жұмыстарды жеделдету тапсырылды. Атап айтқанда, қыркүйек айының соңына дейін «Аман» МАС-та технологиялық құбырлар мен жабдықтарды монтаждауды аяқтау қажет.

«Қазақстан-Қытай» мұнай құбыры құрылысы екінші кезеңінің екінші кезегі» жобасы аясында өнімділігі жылына 6 млн тоннаға дейінгі «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбыры учаскесі реверсінің бірінші кезеңі Қазақстан Республикасының көмірсутектерін тасымалдаудың көпвекторлы жүйесін құру мақсатында іске асырылуда. «МұнайТас» ЖШС «ҚазТрансОйл» АҚ компаниялар тобына кіреді және «Кеңқияқ–Атырау» мұнай құбыры реверсінің жобасын іске асырады.
Анықтама үшін:
«ҚазТрансОйл» АҚ - магистральдық мұнай құбыры бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық операторы. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың км құрайтын магистральдық мұнай құбырларының әртараптандырылған желісіне ие болып келеді. «ҚазТрансОйл» АҚ-тың өндірістік объектілері Шымкент, Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан. Мұнайды қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарына және экспортқа 5 бағыт бойынша тасымалдайды: «Атырау-Самара» және «Қазақстан-Қытай» мұнай құбырлары, Ақтау порты (танкерлерге мұнай құю), теміржол (цистерналарға құю), КҚК жүйесіне ауыстырып тиеу.

«ҚазТрансОйл» АҚ
жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар департаменті
Реакция:
Серiктестер