«ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Димаш Досанов «Өнімділігі жылына 6 млн тоннаға дейінгі «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбыры учаскесі реверсінің бірінші кезеңі» жобасы аясында іске асырылып жатқан «Аман» МАС құрылысының барысымен танысты.
«Технологиялық құбырлар мен жабдықтарды монтаждау жұмыстарын қыркүйек айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда, содан кейін технологиялық құбырларға гидравликалық сынау жүргізіледі - деп мәлімдеді «МұнайТас» ЖШС бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Әмір Ғали. 1 қазаннан бастап «Рурпумпен» (Германия) өндіруші зауыт өкілінің басшылығымен орта тепкіш сорғыларды монтаж бақылау жұмыстары басталады.
Осы жұмыстарды орындау үшін қосымша адами ресурстар жұмылдырылады. Қазақстанда коронавирустық инфекцияның екінші толқыны басталуының болжамдарын ескере отырып, құрылыс алаңының аумағында санитарлық-эпидемиологиялық іс-шаралар күшейтілді. Барлық жұмыскерлер медициналық маскалармен және санитайзерлермен қамтамасыз етілген. Жұмылдырылатын персоналды орналастыру үшін вахталық кенттің бір бөлігі ретінде пайдаланылатын карантиндік қалашық салынды. Сонымен қатар, ауру жұқтырған жұмысшылар табылған жағдайда оқшаулау бөлмелері ретінде, сондай-ақ жаңадан жұмылдырылған жұмыскерлердің карантиндік мерзімнен өтуі үшін бірнеше жеке блоктарды пайдалану жоспарлануда.
«Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбыры реверсінің жобасы «Қазақстан-Қытай» жобасының бір бөлігі болып табылады.
«Қазақстан-Қытай» жобасы аясында ұзындығы 448,85 км «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбыры, ұзындығы 965,10 км «Атасу-Алашанькоу» мұнай құбыры, ұзындығы 794,2 км «Кеңқияқ-Құмкөл» мұнай құбыры салынды.
«Қазақстан-Қытай» жобасының қатысушылары «ҚазТрансОйл» АҚ, «МұнайТас» ЖШС (қатысу үлесінің 51%-і «ҚазТрансОйл» АҚ-қа тиесілі) және «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС (қатысу үлесінің 50% - і «ҚазТрансОйл» АҚ-қа тиесілі) болып табылады, олардың әрқайсысы «Қазақстан-Қытай» мұнай құбырының тиісті учаскесінің меншік иесі болып табылады.
Анықтама:
«ҚазТрансОйл» АҚ – магистральдық мұнай құбыры бойынша ҚР ұлттық операторы болып табылады. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың км әртараптандырылған магистральдық мұнай құбыры желісіне иелік етеді. «ҚазТрансОйл» АҚ өндірістік объектілері Шымкентте, Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан 5 бағыт бойынша қазақстандық мұнай өндіру зауыттарына және экспортқа мұнай тасымалдайды: «Атырау – Самара» және «Қазақстан-Қытай» мұнай құбырлары, Ақтау порты (танкерге мұнай құю), темір жол (цистерналарға құю), ҚҚҚ жүйесіне ауыстырып тиеу.
«ҚазТрансОйл» АҚ жұртшылықпен байланыс және
ішкі коммуникациялар департаменті