S&P Global Ratings халықаралық рейтинг агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) «ҚазТрансОйл» АҚ-тың (бұдан әрі – Қоғам) кредиттік рейтингіне жыл сайынғы шолуды жариялады, оның шеңберінде базалық сценарийі жаңартылған.
Агенттік Қоғамның корпоративтік кредиттік рейтингін «ВВ» деңгейінде ұстауды жалғастыруда, болжам «Жағымсыз».
Ағымдағы рейтингті Қоғамның бас компаниясы – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ рейтингінің деңгейі («ВВ», болжам «Жағымсыз») бұрынғыша шектеп отыр, бұл ретте, агенттік Қоғамның өз кредит қабілеттілігі сипаттамасын «bb+» деңгейінде бағалайды.