KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

Магистральды «Өзен-Атырау-Самара» мұнай құбыры бойындағы «Атырау-Самара» учаскесінде мұнай тасымалы тоқтатылды

 11.01.2021    1074
(«KEGOC» АҚ, «Атырау Жарық» АҚ) электрэнергиясын жеткізу 10 және 11 қаңтарда тоқтатылуына байланысты магистральды «Өзен-Атырау-Самара» мұнай құбыры бойындағы «Атырау-Самара» учаскесінде мұнай тасымалы тоқтатылды.

«ҚазТрансОйл» АҚ магистральды «Өзен-Атырау-Самара» мұнай құбырының жұмысын жалғастыру үшін баламалы жүйе жұмысын қарастырып жатыр.

Электрэнергиясын жеткізу жұмысы электр тасымалы  ұйымымен тұрақталғаннан кейін,  магистральды «Өзен-Атырау-Самара» мұнай құбыры бойындағы  «Атырау-Самара» учаскесінде мұнай тасымалы қайта қалпына келтіріледі.
Анықтама үшін:

«ҚазТрансОйл» АҚ - Қазақстан Республикасының магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық операторы. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың км құрайтын магистральдық мұнай құбырларының әртараптандырылған желісіне ие болып келеді. Мұнайды қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарына және экспортқа 5 бағыт бойынша тасымалдайды: «Атырау-Самара» және «Қазақстан-Қытай» мұнай құбырлары, Ақтау порты (танкерлерге мұнай құю), теміржол (цистерналарға құю), КҚК жүйесіне ауыстырып тиеу. «ҚазТрансОйл» АҚ-тың өндірістік объектілері Нұр-Султан қ., Шымкент қ., Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе облыстарында орналасқан.
 
«ҚазТрансОйл» АҚ
жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар департаменті
Реакция:
Серiктестер