KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ 2020 жылғы қаржы нәтижелері туралы хабарлады

 09.03.2021    915
2020 жылдың қорытындысы бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ-тың шоғырландырылған түсім көлемі 235 млрд 222,08 млн теңгені құрады, бұл 2019 жылдың көрсеткішінен 1,84%-ке төмен. 2020 жылдың қорытындысы бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ-тың шоғырландырылған таза пайдасы 55 млрд 953,9 млн теңгені құрады, бұл 2019 жылдың нәтижесінен 24%-ке жоғары.

Сонымен бірге, 2020 жылға «ҚазТрансОйл» АҚ-тың жеке түсімі 215 млрд 491,9 млн теңгені құрады, бұл 2019 жылғы ұқсас көрсеткіштен 3,3%-ке төмен. 2020 жылдың қорытындысы бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ-тың жеке таза пайдасы 45 млрд 615,8 млн теңгені құрады, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 36,8%-ке жоғары.

Қаржылық есептілік «ҚазТрансОйл» АҚ сайтында келесі мекенжай бойынша орналастырылады: https://kaztransoil.kz/kz/akcionerler_men_investorlarga/akparatti_ashu/karzhilik_akparat_zhildik_zhene_aralik_karzhi_esebi/
 
Реакция:
Серiктестер