Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған «ҚазТрансОйл» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) Қоғамның Директорлар кеңесі Акционерлердің жылдық жалпы жиналысына (бұдан әрі – АЖЖЖ) мынадай ұсыныс жасағанын хабарлайды:
-
2020 жылдың нәтижелері бойынша 50 770 909 068 теңге мөлшеріндегі сома дивидент төлеуге жіберілсін, бұл 2020 жылдың қорытындылары бойынша алынған 55 953 898 000 теңге мөлшеріндегі Қоғамның шоғырландырылған таза кірісінің 90,737% құрайды;
-
Қоғамның бір жай акциясына шаққандағы 2020 жылғы дивиденд мөлшері Қоғамның бір жай акциясына 132 теңге сомасында бекітілсін.
Өткізілуі 2021 жылғы 26 мамырға жоспарланған АЖЖЖ-да Қоғам акционерлері Директорлар кеңесінің ұсынысын бекіткен жағдайда:
-
2020 жылдың қорытындылары бойынша Қоғамның жай акциялары бойынша дивиденд алуға құқы бар Қоғам акционерлерінің тізімі 2021 жылғы 11 маусымдағы 00 сағат 00 минуттегі жағдай бойынша тіркеледі.
-
2020 жылдың қорытындылары бойынша Қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу 2021 жылғы 18 маусымда басталады;
Қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу ақшамен, оларды Қоғам акционерлерінің шоттарына белгіленген тәртіпте дербес аудару және «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ тұлғасындағы төлем агенті арқылы жүргізіледі.
Құрметті акционерлер,
Дивидендтерді уақтылы алу үшін Сіздерге бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі жүйесіндегі өз жеке деректеріңіздің (оның ішінде банк шотының деректемелерінің) өзекті болуына көз жеткізу қажет және олар өзгерген жағдайда «ҚазТрансОйл» АҚ акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесіне енгізу үшін қажет мәліметтерді өзгерту туралы хабарлау мақсатымен Сізбен брокерлік қызмет көрсету шартын жасаған брокерлік компанияға немесе «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ-қа жүгіну қажет.