«ҚазТрансОйл» АҚ тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында есеп беру кездесуін өткізді. Онда компанияның 2020 жылғы атқарған жұмыс қорытындысы ұсынылды. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты есептік кездесу бейнеконференция байланысы форматында өтті.