KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

2021 жылдың І жартыжылдығында «ҚазТрансОйл» АҚ мұнай тасымалдау көлемі 20,4 млн тоннаны құрады

 15.07.2021    762
«ҚазТрансОйл» АҚ 2021 жылдың І жартыжылдығындағы өндірістік қорытындыны шығарды. Есепті кезеңде «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесімен 20 млн 428 мың тонна мұнай тасымалданды, бұл 2020 жылдың І жартыжылдығына қарағанда 1 млн 82 мың тоннаға төмен.

«ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесімен Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарына мұнай тасымалдау көлемі 2020 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 723 мың тоннаға немесе 10%-ға ұлғайып, 8 млн 100 мың тонна мұнайды құраған. «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС 2 млн 580 мың тонна мұнай, «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС  2 млн 196 мың тонна мұнай, «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС 2 млн 875 мың тонна мұнай, «CASPI BITUM» БК» ЖШС  450 мың тонна мұнай жеткізілді.

2020 жылдың І жартыжылдығымен салыстырғанда «Өзен-Атырау-Самара» магистральдық мұнай құбырының «Атырау-Самара» учаскесі бойынша мұнай тасымалдау көлемі 1 млн 395 мың тоннаға азайып, 6 млн 258 мың тоннаны құрады.

Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан «ТОН-2» мұнай құбыры учаскесі бойынша 5 млн 439 мың тонна мұнай тасымалданды, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8 мың тоннаға артық.

«Атасу-Алашанькоу» магистральдық мұнай құбырына 5 млн 453 мың тонна мұнайды ауыстырып тиеу жүзеге асырылды. 2020 жылдың І жартыжылдығымен салыстырғанда көрсеткіш 87 мың тоннаға артты.

«Каспий құбыр желісі» АҚ жүйесіне мұнайды ауыстырып тиеу көлемі «Консорциум-К»  267 мың тоннаны құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-маусымдағы көрсеткіштен 175 мың тоннаға төмен.

Қуаттарды пайдалана отырып Ақтау портындағы танкерлерге мұнай құю «ҚазТрансОйл» АҚ 1 млн 53 мың тоннаны құрады, бұл 2020 жылдың І жарты жылдығының көрсеткішімен салыстырғанда 3 мың тоннаға артық.

Мұнайдың жүк айналымы магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша жеке «ҚазТрансОйл» АҚ 17 млрд 182 млн тонна-километрді құрады, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 1 млрд 235 млн тонна-километрге төмен.

«ҚазТрансОйл» АҚ мұнайының шоғырландырылған жүк айналымы 21 млрд 390 млн тонна-километрді құрады, бұл 2020 жылдың І жартыжылдығына қарағанда 773 млн тонна-километрге төмен.

«Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС мұнай құбырлары жүйесі бойынша 8 млн 422 мың тонна тасымалданды, бұл 2020 жылдың ұқсас көрсеткішінен 889 мың тоннаға артық. Мұнай жүк айналымы 7 млрд 606 млн тонна-километрді құрады, бұл 2020 жылдың І жарты жылдығының нәтижесінен 635 млн тонна-километрге артық.

«МұнайТас» ЖШС мұнай құбыры бойынша мұнай тасымалдау көлемі 1 млн 919 мың тоннаны құрады, бұл 2020 жылдың І жартыжылдығына қарағанда 575 мың тоннаға артық. Мұнай жүк айналымы 283 миллион тонна-шақырымға артып, 793 миллион тонна-шақырымға жетті.

«Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ компанияларының тобы бойынша есепті кезеңдегі мұнай, мұнай өнімдері мен газды ауыстырып тиеу көлемі 726 мың тоннаны құрады, бұл 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 317 мың тоннаға артық.

Қазақстанның Атырау және Маңғыстау облыстарының тұтынушыларына «Астрахань-Маңғышлақ» су құбыры бойынша «Магистральдық суағызғысы» ЖШС 14 млн 74 мың текше метр тұщы су берді, 2020 жылдың І жартыжылдығымен салыстырғанда су жеткізу көлемінің төмендеуі 329 мың текше метрді құрады.

«ҚазТрансОйл» АҚ «Магистральдық суағызғысы» ЖШС-ның жарғылық капиталындағы 100% қатысу үлесіне ие.  «Магистральдық суағызғысы» ЖШС «Астрахань-Маңғышлақ» магистральдық суағызғысының меншік иесі болып табылады.

«Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ (БМТ) – «ҚазТрансОйл» АҚ-тың еншілес ұйымы (100 %). БМТ арқылы Грузиядағы өндірістік активтерді тікелей иелену және басқару жүзеге асырылады.

«Қазақстан-Қытай құбыры»  ЖШС – «Кеңқияқ-Құмкөл» және «Атасу-Алашанькоу» магистральдық мұнай құбырларына иелік ететін «ҚазТрансОйл» АҚ-тың (50 %) және China National Oil and Gas Exploration and Development Company Ltd. (50%) бірлескен кәсіпорны.

«МұнайТас» ЖШС – «Кеңқияқ-Атырау» магистральдық мұнай құбырын жобалау, қаржыландыру, салу және пайдалану мақсатында құрылған «ҚазТрансОйл» АҚ (51 %) және CNPC Exploration and Development Company Ltd (49%) бірлескен кәсіпорны.
Реакция:
Серiктестер