Осымен «ҚазТрансОйл» АҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2021 жылғы 26 қарашадағы №131-НҚ бұйрығымен:
-
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық құбырлар жүйесі арқылы Қазақстан Республикасының ішкі нарығына мұнай айдау бойынша реттеліп көрсетілетін қызметке 1000 км-ге 1 тонна үшін ҚҚС-ны қоспағанда 3 728,82 теңге мөлшерде уақытша өтемдік тариф бекітілгенін;
-
«ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық құбырлар жүйесі арқылы Қазақстан Республикасының ішкі нарығына мұнай айдау бойынша реттеліп көрсетілетін қызметке уақытша өтемдік тарифті бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының 2021 жылғы 29 қазандағы №117-НҚ бұйрығының күші 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылатындығын хабарлайды.