2021 жылдың қорытындысы бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ-тың шоғырландырылған түсім көлемі 238 млрд 176,1 млн теңгені құрады, бұл 2020 жылдың көрсеткішінен 1,26% жоғары. 2021 жылдың қорытындысы бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ-тың таза пайдасы 50 млрд 607 млн теңгені құрады, бұл 2020 жылдың нәтижесінен 9,6% төмен. Сонымен бірге, 2021 жылға «ҚазТрансОйл» АҚ-тың жеке түсімі 214 млрд 832,9 млн теңгені құрады, бұл 2020 жылғы ұқсас көрсеткіштен 0,3% төмен. 2021 жылдың қорытындысы бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ-тың жеке таза пайдасы 38 млрд 512,4 млн теңгені құрады, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 15,6% төмен.