KZTO 835,00 (-0,23%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 835,00 (-0,23%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

«ҚазТрансОйл» АҚ 29 сәуірде тұтынушылар алдында 2021 жылғы есеп береді

 05.04.2022    1175
«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «ҚазТрансОйл» АҚ тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында бекітілген тарифтік сметалардың орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділік көрсеткіштерінің сақталуы туралы және «ҚазТрансОйл» АҚ-тың 2021 жылғы қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізуі туралы есепті келесі реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсына отырып өткізуді хабарлайды:
  • Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге экспорттау мақсатында тасымалдауды қоспағанда, мұнайды магистральдық құбырлар жүйесі бойынша тасымалдау;
  •  жылу энергиясын өндіру, беру және тарату;
  • электр энергиясын беру;
  • ағынды суларды бұру.
Өткізу күні - 2022 жылғы 29 сәуір сағат 12:00.

Өткізу орны: Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Тұран даңғылы, 20- ғимарат, 12-тұрғын емес үй-жай, 7-қабат, конференц-зал.
Реакция:
Серiктестер