KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы өзгерді

 14.04.2022    982
«ҚазТрансОйл» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының 2022 жылғы 12 сәуірдегі шешімімен «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры (Басқарма төрағасы) Талғат Құрманбаев «ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.

Қазіргі уақытта «ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына Данияр Берлібаев («ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өкілі), Марлен Оразбеков («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өкілі), Талғат Құрманбаев («ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры (Басқарма төрағасы), Винишиус Агостини (тәуелсіз директор), Альберто Мартинес (тәуелсіз директор), Адриан Фрейсине (тәуелсіз директор) кіреді.
 
«ҚазТрансОйл» АҚ
жұртшылықпен байланыс және
ішкі коммуникациялар департаменті

 
Реакция:
Серiктестер