Осымен «ҚазТрансОйл» АҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының 2022 жылғы 29 сәуірдегі №69-ОД бұйрығымен Қарағанды мұнай құбыры басқармасы үшін электр энергиясын беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметке уақытша өтемдік тариф 0,45 теңге/кВтч (ҚҚС-сіз) мөлшерінде белгіленгенін хабарлаймыз.
Аталған уақытша өтемдік тариф 2022 жылғы 1 маусымнан бастап 2023 жылғы 31 мамырға дейін қолданылады.