KZTO 839,30 (-0,08%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 839,30 (-0,08%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

«ҚазТрансОйл» АҚ-тың Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге экспорттау мақсатында магистральдық құбырлар арқылы мұнай айдау қызметіне арналған тарифі 1 маусымнан бастап 20% артады

 20.05.2022    804
 
Геосаяси жағдайға байланысты тәуекелдердің күрт өсуі аясында қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында «ҚазТрансОйл» АҚ 2022 жылғы 1 маусымнан бастап Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге экспорттау мақсатында магистральдық құбырлар арқылы мұнай айдау қызметіне тарифті 20% арттыру туралы шешім қабылдады.

«ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының (Басқарма төрағасының) 2022 жылғы 15 сәуірдегі №24 бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге экспорттау мақсатында магистральдық құбырлар арқылы мұнай айдау қызметіне 1000 км-ге 1 тонна үшін 8 830,51 теңге мөлшерінде (ҚҚС-сыз) жаңа тариф енгізіледі.

2020 жылғы 1 наурыздан бастап қолданыстағы Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге экспорттау мақсатында магистральдық құбырлар арқылы мұнай айдау қызметіне тариф 1000 км-ге 1 тонна үшін 7 358,76 теңгені құрайды (ҚҚС-сыз).  
 
Серiктестер