KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ «Мартыши-Атырау» магистральдық мұнай құбырына жаңадан салынған учаскелерді қосты

 23.06.2022    1684
 «ҚазТрансОйл» АҚ жалпы ұзындығы 9,3 км «Мартыши – Атырау» магистральдық мұнай құбырына 0-8 км және 18-20 км-де жаңадан салынған құбыр учаскелерін қосу бойынша жұмыстарды аяқтады. Реконструкциядан кейін құбыр учаскелерін ауыстыру және қосу жөніндегі іс-шараларды «ҚазТрансОйл» АҚ Атырау, Құлсары және Ақтөбе мұнай құбыры басқармаларының, пайдалану департаментінің, «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының мұнай тасымалдауды басқару орталығы» филиалының бас диспетчерлік басқармасының, өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбек қорғау және ТЖ департаментінің жұмыскерлері жүзеге асырды. Жұмыстарды орындау үшін барлығы 192 адам тартылып, 68 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.
«Мартыши – Атырау» магистральдық мұнай құбыры учаскелерін реконструкциялау жобасы «ҚазТрансОйл» АҚ Инвестициялық бағдарламасына енгізілді.
«Мартыши-Атырау» магистральдық мұнай құбыры 1970 жылы пайдалануға берілді.
 
 
Серiктестер