KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

Fitch Ratings агенттігі «ҚазТрансОйл» АҚ эмитенті дефолтының ұзақ мерзімді рейтингін растады

 29.06.2022    1742
Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі 2022 жылғы 27 маусымда «ҚазТрансОйл» АҚ шетел валютасындағы эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингін «ВВВ-» деңгейінде, «Тұрақты» болжамымен растады.
Рейтингті растау компанияның күшті операциялық және қаржылық көрсеткіштерін көрсетеді. Сонымен бірге «ҚазТрансОйл» АҚ Қазақстан Республикасында мұнай тасымалдау секторында ел экономикасы үшін стратегиялық маңызы бар үстем позицияны сақтап отыр. Бұл ретте компанияның бағасы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ рейтингінің деңгейімен тежеледі («ВВВ –», «Тұрақты» болжам).
Fitch Қазақстан Республикасындағы нормативтік-құқықтық базаны және операциялық қызметпен байланысты тәуекелдерді назарға ала отырып, «ҚазТрансОйл» АҚ өзіндік несие қабілеттілігінің сипаттамасын «bbb» деңгейде бағалап отыр.
 
Серiктестер