«ҚазТрансОйл» АҚ 2022 жылдың 29 шілдеде бекітілген тарифтік сметалардың орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы мен реттелетін қызметтердің сапа және сенімділік көрсеткіштерінің сақталуы және 2022 жылғы 1 жартыжылдықда тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында қызмет тиімділігінің көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы есеп берді.
Аталған есеп «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 25 бабының 6-тармағы талаптарына сәйкес өткізілді.
Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес «ҚазТрансОйл» АҚ мынадай салаларда табиғи монополия субъектісі болып табылады:
-
олардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиті және Қазақстан Республикасынан тыс экспорт мақсатында тасымалдауды қоспағанда, магистральдық құбырлар арқылы мұнай және (немесе) мұнай өнімдерін тасымалдау қызметтері;
-
электр энергиясын беру жөніндегі қызметтер;
-
жылу энергиясын өндіру, беру, және тарату жөніндегі қызметтер;
-
сумен жабдықтау және (немесе) су тарту жөніндегі қызметтер.